Қ.ЕСЕНДИЯРОВ: «АҒАЙЫНДЫ ЕЛЕУСІНОВТЕРДІҢ ЖЕҢІСТІ ЖОЛЫН ДАНИЯЛ ҒАНА ҚАЙТАЛАЙ АЛДЫ»
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияров өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте облыста бұқаралық спорттың аясын кеңейту, дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылар санын ұлғайту мәселесіне тоқталды.

Бүгінгі таңда облысымызда 23 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі бар. 13 384 жасөспірім осы мектептерде 54 спорт түрімен шұғылданады. Басқарма басшысы атап өткендей, бұл шекті сан емес, балаларды спортқа тарту, спортпен қамтылған балалар үлесін ұлғайту жұмысы жүйелі жүргізілуде.
– 2019 жылы Жапония еліндегі Номи қаласында өткен спорттық жүрістен Азия чемпионатында облыс спортшысы Шейко Георгий күміс жүлдені иеленіп, қазақстандық спортшылардың ішінен 2021 жылы Жапония елінің астанасы – Токио қаласында өтетін ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарына ең бірінші болып жолдама ұтып алды. Сонымен қоса, облысымыздың спортшысы су добынан Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасының қақпашысы Липилин Павелде жолдама иегері. Биылғы жылы әлем елдерінде болып жатырған COVID-19 пандемиясына байланысты спорт шараларын өткізуге тыйым салынды. Алайда ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаттары көрерменсіз, барлық карантиндік шараларды сақтай отырып өткізуге рұқсат берілген болатын. Әйелдер күресінен ел чемпионатында Екатерина Ларионова күміс жүлде иеленсе, Анастасия Панасович қола жүлдегер атанды. Бокстан 18 жасар жас спортшымыз Даниял Сәбит барлық қарсыластарын, шаң қаптырып чемпион атанды. Күні бүгінге дейін бұл чемпиондық атақты ағайынды Елеусіновтердің жеңісті жолын облысымызда тек осы Даниял ғана қайталай алды, – деп Қаймен Есенаманұлы облыс спортшыларының жетістіктерін ерекше атап өтті.
Басқарма басшысы атап өткендей, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы негізінде спортшыларды жоғары спорттық жетістіктерге ынталандыру мақсатында облысымыз бойынша 239 спортшыға ресми спорттық жарыстарда көрсеткен нәтижелеріне сай ай сайын ақшалай жабдықталым төленуде. Соның ішінде 65 жасөспірім, 44 жастар және 130 ересек спортшылар. Осы мақсатқа жыл басынан бері 226,1 млн. теңге қаражат бөлінген.
Еске сала кетейік, жуырда яғни 23-29 қараша күндері Шымкентте өткен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында жерлесіміз Даниял Сәбит 49 келіде ел чемпионы атанды. Бұған дейін, облысымыздан Қазақстанның ең жас чемпионы атағын Дәурен Елеусінов 2005 жылы алған екен.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу