8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Ақпан 2021 1543 0
Қоғам

Ғ.ЕСҚАЛИЕВ: «ЖҮРГІЗУШІЛЕРДІҢ КӨЛІК ЖҮРГІЗУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРМАЙ, ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫН АЗАЙТУ МҮМКІН ЕМЕС»

Бүгін, 20  ақпан күні халықпен онлайн есептік кездесуінде БҚО әкімі Ғали Есқалиев облыста жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар туралы баяндады. 

  

– БҚО-да жол инфрақұрылымына қомақты қаражат бағытталып, жолдар жөнделуде. Орал қаласында, аудандарды бейнебақылау, жылдамдықты өлшеу құралдары орнатылуда. Алайда, жүргізушілер арасында көлік жүргізу мәдениетін қалыптастырмай, жол-көлік оқиғаларын азайту мүмкін емес. Әр жаяу жүргінші мен көлік жүргізушісінің жауапкершілігі артында адам өмірі мен тағдыры тұрғанын түсінуіміз керек, – деді Ғали Есқалиев.

Сондай-ақ жолда малдардың қатысуымен болатын апатты жағдайлар да жиі тіркеліп отыр. Осы ретте  бірқатар шаралар қолға алынған. Мәселен, өткен жылы облыс аудандарында қараусыз жүрген малдарды қамауға арналған қоршаулар дайындалып, 1500-нан астам мал иелеріне ескерту беріліп, 125 адамға айыппұл салынды. Нәтижесінде қараусыз жүрген малдардың қатысуымен болған жол апаттарында жарақат алғандар саны 60 пайызға төмендеді.

Бүгінде Орал қаласында 200 бейнекамера, 40 жылдамдықты өлшеу құралдары және 14 жол қиылысына зияткерлік басқару жүйесін орнату басталды. Жол жиегіндегі жарық шамдарын орнату бойынша жұмыстар атқарылды. Облыс бойынша 21 мыңға жуық жарық шамдары орнатылса, соның ішінде 11 мыңнан астамы Орал қаласына тиесілі.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
67 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
115 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
155 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
413 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
433 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»