Ұ.ЕРЖАНОВА: «АБАЙДЫҢ ҚОЙҒАН КРЕДОСЫН ҰСТАНУ КЕРЕК»

Ұлтымыздың ұлысы, ұлы бабамыз – Абай. Міне, елімізде тұңғыш рет Абай күні аталып өтті. Бір жылдың көлемінде 175 жылдығына арналып, Абайдың мұраларын халық арасында насихаттау мақсатында челлендж жарияланған болатын. Кішіден бастап үлкенге дейінгінің бәрі тартылып, үн қосты. Ел тұрғындары бұрыннан Абайдың шығармаларымен таныс болғанымен, бұл жолы қайтадан жаңғыртты деп айтуға болады.
10 тамыз – Абайдың өзіне бекітілген күн болып отыр. Бұл – Ұлы күн. Қазақ ұлтын Абайсыз елестету мүмкін емес. «Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ойлап қой – Бес асыл іс көнсеңіз» деп айтқанындай, адам баласының, өсіп келе жатқан ұрпақтың талаптарының биік болуын тілеймін. Таза, адал еңбек ету керек. Абайдың кезіндегідей қулық-сұмдықпен байлардың малын алдап алудың қажеті жоқ. Елімізді жемқорлық жайлап барады, өкінішке орай. Бұл сұмдықтың тамыры тереңге кетті. Мұның бәрі Абай айтып кеткендей, тойымсыздық, қанағат қылмаудың салдары. Осының барлығын Абай әлдеқашан өз өлеңдерінде айтып кеткен.
Абай ғылым, еңбек, талаптану ғана адамды ұшпаққа шығаратынын айтты. Абайдың қойған осы кредосын ұстану керек.
Қалалық кітапхана Абайға арнап зал ашып, еңбектерін, аудармаларын қойғанын көрдім. Қазақтың ұлттық бұйымдарын жинақтаған. Біз осымен ғана ұлт болып қаламыз.
Ұлдай ЕРЖАНОВА,
филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу