Ерте үзілдің-ау, Еркежан?!

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылында бұрын сотталған адамның үйінен өлі табылған бес жасар қыз дың қайғысы барша
отандастарымызды бей-жай қалдырмады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл істі назарына алғанын айтып, Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне болған қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды. Қазір күдіктіге қатысты жас баланы өлтіру бабы бойынша тергеу жүріп жатыр.
Осы оқиға туралы «Жайық Үні» газетінің тілшілері заңгерлер мен педагогтан пікір алған еді. Оқырман, сіз не дейсіз?
Индира ШҮКІРБАЕВА, «Отбасы» орталығының психологы: – Бұл – қоғамның ауыр қайғыға душар болғаны. Бірнеше рет сотталған қылмыскер тиісті жазасын алып, қатаң түрде жазалануы керек деп есептеймін. Соңғы кезде жас қыздарға зорлық-зомбылық көрсету фактісі туралы көп еститін болдық. Жас өспірімдер арасындағы келеңсіз жағдайлардың жиі кездесуі алаңдататын өзекті мәселеге айналды. Педофилия – психикалық бұзылу, көптеген жыныстық аурулардың бірі. Яғни, кәмелеттік жасына жетпеген кез келген адамға жыныстық құштарлық. Педофил үйленген, ажырасқан немесе жалғызбасты болуы мүмкін. Әлеуметтік деңгейде балаға тым ерекше қамқорлық танытып, алдау-арбауға түсіреді. Бірақ оның бәрі жасырын психологиялық деңгейде болады. Ол ешқашан жасөспірімге жақсылық ойламайды. Тек қана өзінің пайдасын жүзеге асырады. Педофилия дертінен арылуға көмек қажет. Ол үшін адамның емделуге деген ынтасы, шыдамдылығы болуы тиіс. Өзінің ауытқушылығы бар екенін түсініп, ұзақ әрі күрделі терапияға дайын болуы керек. Сол кезде ғана болашақта қоғаммен байланысуға рұқсат берілгені жөн.
Мариэтта ДӘУЛЕТИЯРОВА, Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығының заңгері: – Елімізде мұндай жағдайлар жиілеп кетті. Бұған ауқымды сапалы ағарту, салауатты идеология, құндылықтарды насихаттау және мұндай қылмыстарға қатысты заңдарды күшейту көмектеседі. Бұлтартпау және жазалау шаралары туралы халықты хабардар ету қажет. Педофилия бұл – бұзылыс. Сотталған педофилдер босатылғаннан кейін бірнеше айдан бірнеше жылға дейін жаппай рецидивке ұшырайды. Кез келген қоғам мен мемлекет әрқашан жәбірленушінің жағына шығады.
Раушан СИСЕНОВА, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің оқытушысы: – Бұл оқиға – жан түршіктіріп, жаға ұстататын жағдай. Адам азуының ең жоғарғы шегі деп түсінемін. Мұндай жандарға жазаның ең ауыры – ату жазасын ел алдында қолданса да артық болмас. Алланың да жазасы әзір тұрған болар. Дегенмен де келесілеріне сабақ болар еді. Мектеп пен жоғары оқу орындарында тәрбие жұмыстары жан-жақты жүргізілуі керек. Арақ-шарап, наша, әлеуметтік желідегі кез келген анайы ақпаратқа қолжетімділік – небір рухани дертті қоғамға әкеліп жатыр. Кез келген тұлға рухани бекем, адамшылдықтан аттамайтын, «адам» деген атқа лайық болуы қажет.
«Жайық үні» редакциясы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу