8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Қазан 2019 1296 0
Дені сау ұлт

ЕРТЕҢ МАРАТ ЖЫЛАНБАЕВ «AQJAIYQ MARATHON»-ЫНА ҚАТЫСАДЫ

              Ертең қаладағы  П.Атоян атындағы стадионында «Aqjaiyq marathon» атауымен көпшілік жүгіру марафоны басталады.  «Aqjaiyq marathon»-ның құрметті қонағы – Марат Жыланбаев. Ол супермарафоншы, халықаралық спорт шебері және Гиннес рекордтар кітабына жеті рет енген.

Көпшілік жүгіру марафонын БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы ҚР жеңіл атлетика федерациясымен бірлесіп ұйымдастыруда. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Дәурен Мұқановтың айтуынша, қазіргі таңда марафонға қатысуға мыңнан астам адам тіркелген. Кешеден бері Мұз айдыны спорт сарайында тіркелген адамдарға нөмірлер беру жұмыстары жүргізілуде екен. Атоян стадионынан бастап жүгіретін марафоншылар Шаған жағалауы, Пугачев арқылы Н.Назарбаев даңғылымен, сондай-ақ Жуков, Молдағұлова, Тайманов, Алмазов көшелерімен Шаған жағалауына қайта оралады. Айналмалы жүгіру жолын кесіп өтетін марафонда бағдар бойымен бір айналу ұзындығы 10,5 шақырымды құрайды. Әр қатысушыға дайындық деңгейіне байланысты 440 метрді және 10,5; 21,1; 42,2 шақырым қашықтықты таңдап, аяқтау құқығы беріледі. Жүлде қоры – 3 600 000 теңге болатын спорттық шара ертемен сағат 10.00-де басталады. «Aqjaiyq marathon» шарасына байланысты ертең қаладағы бірқатар жолдар жабылады. Ұйымдастырушылар тұрғындарды марафон уақытында туындайтын қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға шақырады.

Марат Төлегенұлы Жыланбаев 1963 жылы 19 сәуірде Қарағанды облысы, Карқаралы ауданында дүниеге келген. Жеті  жасында Марат ата-анасынан айырылып, балалар үйіне келген. Мектеп жасында сурет өнерімен айналысып, кейіннен дене шынықтыру техникумын аяқтайды. Оқудан соң Маратқа камсомолдық жолдама беріп, Екібастұзда ұстаздық етуге жібереді. Оны қаламаған Марат ол жұмыстан бас тартып, құрылысқа қабырға бояушы ретінде жұмысқа тұрады. Құрылыста қызмет етіп жүргенде шеберхана ашып, сурет өнерімен айналысады. 1987 жылдары Марат салған суреттер шетелге сатылған. Сол жылдары Марат Жыланбаев журналдан Германияға барып келген тілшінің сурет көрмелері туралы мақаласын көріп, көрме өткізуге өтініш беруге бел буады. Дереу Екібастұздан тура Мәскеуге аттанып, факс арқыла өз жұмыстарын Германияға жібереді. Германиядан жауап бірден келіп, артынша Марат Германияға жіберген  30 жұмысына 3000 доллар гонорар алды. Марат Екібастұзға келген кезден бастап, өнермен қатар спортты бірге алып жүрді. Ол Екібастұзда жүгіріске қызығушылар клубын ашты. Әр түрлі марафондарға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүрді. Кейіннен  бір жылда кәдімгі спортсменнен рекордсменді шығаратын методиканы ойлап тапты. Өзінің жаттығулар жүйесін «Бег и мы» журналында және «Советский спорт» газетінде жариялап, бүкілодақтық жаттықтырушы Федор Склокинге және бес дүркін әлем чемпионы Виталий Ковелге жолдады. Оның жаңалығына ешкім сенім білдірмеді, бірақ Марат оларға «Дайындалыңдар, 1 жылдан соң мен үздік атанамын» деген жауап қайтарды. Ол өнерді тастап, бүкіл уақытын жаттығуға арнады. Осының нәтижесінде бір жылдан аз уақытта үш әлемдік рекорд орнатты. Ол адамзат тарихында тұңғыш болып ұлы Сахара шөлін солтүстіктен оңтүстікке кесіп өткен. Гиннес әлемдік рекордтар кітабында жеті рет рекорд орнатқан қазақ баласы. Әлемдік деңгейдегі спорт шебері атанған Марат Жыланбаев бүгінде елуден асқан. Соңғы 150 жыл ішінде «Вокруг света»  журналына есімі енген алғашқы қазақ ұлтының өкілі.

Ол Еуропаның ең биік шыңы Эльбрусқа (5642 метр) марафондық жүгіріспен жеті күнде жүгіріп шыққан. Марат Жыланбаев 1992 жылы 20 күнде Қарақұм шөлін (1200 километр), 1993 жылы 24 күн ішінде Сахара шөлін (1700 километр), сол жылы 22 күнде Үлкен Виктория шөлін (1600 километр), 1994 жылы 17 күнде Мохава шөлін (1218 километр) кесіп өткен.

Жайық үні

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қоғам
Болашақты болжайтын карта
28 Наурыз 2024
65 0
Мезгіл мәселесі
Тасқын толастар емес!
28 Наурыз 2024
80 0
Мезгіл мәселесі
Жағдай мәз емес!..
28 Наурыз 2024
86 0
Мезгіл мәселесі
Арық салуға қомақты қаражат керек
27 Наурыз 2024
173 0
Қалалықтар қаперіне
Арнайы комиссия құрылады
27 Наурыз 2024
167 0
Мезгіл мәселесі
Тасқынның мән-жайын түсіндірді
27 Наурыз 2024
175 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды
26 Наурыз 2024
257 0
Табиғат
Экологиялық акциялар өтті
24 Наурыз 2024
515 0
Мереке
Жыл басы күнін атап өтті
23 Наурыз 2024
707 0
Құттықтаймыз!
80 отбасы баспаналы болды
21 Наурыз 2024
837 0
Мереке
Балаларға базарлық берілді
21 Наурыз 2024
847 0
Мереке
Жаңару күнін тойлады
20 Наурыз 2024
922 0
Қалалықтар қаперіне
«Ұршық пати» көрмесі өтті
16 Наурыз 2024
1325 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысының атынан ауызашар берілді
16 Наурыз 2024
1343 0
Табиғат
Салаладағы мәселелер талқыланды
15 Наурыз 2024
1419 0
Қалалықтар қаперіне
Жайық жұртымен кездесті
14 Наурыз 2024
1507 0
Білім
Дубналықтар КазИИТУ-ға келді
12 Наурыз 2024
1713 0
Қалалықтар қаперіне
Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары!
12 Наурыз 2024
1712 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»