8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Желтоқсан 2018 2630 0
Қоғам

ЕРЕН ЕҢБЕК ЕЛЕНДІ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында 50-ден аса батысқазақстандық арнайы марапатқа ие болды. Бүгін Салтанат сарайында өткен шарада БҚО әкімі Алтай Көлгінов мемлекеттік наградаларды иелері табыс етті.

 –  Тәуелсіздік күні – мемлекетіміздің мерейлі мерекесі. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсіздік – кез келген елдің баға жетпейтін ең қастерлі құндылығы болып саналады. Біз азаттықтың арқасында айымыз оңынан туып, төрткүл дүниеге түгел танылған халықпыз» деді. Тәуелсіздік жылдары Елбасының бастамасымен тарихи сілкініс жасалып, ұлы істер атқарылды. Аз уақыт ішінде қуатты ұлттан дәулетті елге айналдық. Президентіміздің ерік-жігерінің арқасында қарулы қақтығыссыз, мылтықты майдансыз мемлекет шекарасы айқындалды. Іргеміз мызғымыстай бекіді. Тағдыр тоғыстырған, тарих табыстырған түрлі этнос өкілдері  отанымызды өркендетуге атсалысып, тату-тәтті ғұмыр кешіп келеді. Ел экономикасы қарқынды дамып келеді. Оны біздің өңірдің тұрғындары да айқын сезінуде, – деген Алтай Сейдірұлы жиналғандарды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі мерекесімен құттықтап, өңірде игі істерге тоқталды.

«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Елбасының биылғы Жолдауының мәні – тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру. Бүгінгі күні өңіріміздің табиғи газбен қамтылу деңгейі 95 пайыздан асты. Келесі жылы тағы да қосымша 22 мекенге газ тартылады. Бұл – Қазталов және Теректі ауданының ауылдары. 2016 жылы облыс тұрғындарының ауыз сумен қамтылуы небары 30 пайыздан ғана жоғары еді, қазір 46,5 пайызға жетіп отыр. Осы уақыт аралығында 2000 шақырым су құбыры тартылып, 110 елдімекен орталықтандырылған таза ауыз сумен қамтылды. Облыс орталығынан шалғай жатқан Бөкей Орда, Жәнібек, Жаңақала аудандары 100 пайыз сумен қамтылды. Келесі жылы тағы 50 елдімекенге таза су жеткізіледі. Жыл сайын 500 шақырым жол жөнделуде. Жуырда Елбасының қатысуымен өткен жалпыұлттық телекөпір аясында «Орал-Тасқала-Озинки» күре жолы қолдануға берілді. «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы 26 млрд. теңге қаржыға жол жөнделіп, жаңадан салынды. Орал қаласы жолдары мен көліктік қатынастары едәуір жақсарып келеді. Соңғы екі жылда 120 көше жөнделді. 50 жылда салынатын стратегиялық нысандарды қолға алдық. Жаңа көпірді салып, кеңейтіп, іске қостық. Тағы бір стратегиялық  маңызды көпірді салуға кірістік. Келесі жылы 9 млрд. теңгеге облыс орталығындағы жол жөнделеді. Тағы бір көпірдің құрылысы басталады. Елбасының Нұрлы жер» бағдарламасы, «7-20-25» бағдарламасы аясында биыл 3500 отбасына арналған пәтерлер салынуда. 500 гектар аумаққа «Ақжайық» шағынауданы салынады.  Ол жерге инженерлік желілер толықтай тартылды. Келесі жылдың ортасында алғашқы үйлердің іргетасы қалана бастайды. Әуежайды мемелекет меншігіне қайтару жұмыстары аяқталды. Жаңғырту жұмыстары келесі жылдың көктемінде басталады. Жаңа мектептер, мәдениет үйлері ашылып, денсаулық сақтау нысандары жаңғыртылуда.

– Әр елдімекенде кемінде бір қуанышты жаңалық бар. Міне, бұл Елбасының жүргізіп отырған экономикалық саясатының нақты жетісітігі. Осы жылғы барлық жетістіктер әр қазақстандықтың ерен еңбегінің нәтижесі деп білеміз. Олай болса,Тұңғыш Президентіміздің тәуелсіздікті тұғырлы, бейбітшілікті баянды ету жолындағы айшықты үлесін лайықты бағалап, Қазақстанды мәңгілік елге айналдыру жолында бір мақсат-мүддеге жұмылып, еңселі еңбек ету әрқайсымыздың және баршамыздың басты міндетіміз деп білемін. Тәуелсіздік бізге бөгде елге жалтақтамай, өз даму жолымызды таңдауымызға мүмкіндік берді. Нәтижесінде дамыған елдермен тереземіз теңесуде. Бұл күн – Отанымыздың әр азаматы үшін қастерлі мереке. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыздың осынау табысы, еліміздің қарқынды дамуы – тұрақты саясат пен ішкі бірліктің нәтижесі, – деді Алтай Сейдірұлы.

Тәуелсіздік мерекесіне еліміз бойынша Президент Жарлығымен  мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін 1600 азамат мемлекеттік наградаға ие болған. Соның 50-ден астамы батысқазақстандықтар. Бүгін Ақ Ордада өткен салтанатты жиында Президент «Қазақстан жазушылар Одағы» Батыс Қазақстан филиалының төрайымы ақын Ақұштап Бақтыгерееваны Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықпен марапаттады.  «Uniserv»ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы Нұрғазы Сәтбаев, «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалы төрағасының орынбасары Серік Сүлеймен «Парасат» орденімен, «ОМЕГА» зауыты «Таза су» жобасының жетекшісі Анатолий Цыганов, «Зенит» зауыты» АҚ ұста цехының басшысы Андрей Крылов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Салтанатты жиын барысында ерен еңбегімен арнаулы наградаға ие болған басқа азаматтарға өңір басшысы төсбелгілерін табыс етті.

Атап айтқанда, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония әншісі Хатимолла Бердіғалиев, еңбек ардагері Абат Есенғалиев «Парасат» орденімен, «Батыс құрылыс материалдарының комбинаты» ЖШС директоры Асқар Қабанов, БҚО әкімінің бірінші орынбасары Игорь Стексов, Зеленов ауданы «Кигенев» ШҚ механизаторы Манарбек Әжіқанов, «Гидромаш-Орион» ЖШС цехының басшысы Сансызбай Ахметов және басқалары ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен, «Автокомбинат» ЖШС директоры Валерий Голоухов, Батыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Амангелді Дәулетжанов, «Балзия» ЖШС директоры Балзия Евенеева, «Топан» ЖШС директоры Ғайса Жұмалиев, еңбек ардагері Тілекқабыл Имашев, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония «Орал сазы» оркестірінің әншісі Күләш Қуанышқалиева, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Маңқараев, «Приуралье» газетінің редакторы Роза Сыйықова, Қазталов ауданы әкімі Абат Шыныбеков  «Ерен еңбегі үшін», «Арба» ҚБ төрайымы Гүлмира Батпақұлова, облыстық психикалық денсаулық орталығының директоры Бекет Мырзахметов «Шапағат» медальдарымен, 14 азамат «Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен» марапатталды.

     

      

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа – 2018» «Ұлы дала елі» , «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсының, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі «Парыз – 2018» конкурсының жеңімпазы атанған  Орал сауда-өндіріс компаниясына, «Орал трансформатор зауыты»ЖШС-на, «Жұлдыз» ЖК мен Теректі ауданына облыс әкімі алғыс хат табыс етті.

Эльмира НҰҒМАНОВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
142 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
146 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
184 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
201 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
582 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
721 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
755 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
1031 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
1040 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
1168 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1466 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1563 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1591 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1798 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
2069 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
2290 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»