8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Наурыз 2019 1935 0
Қоғам

ЕЛІМІЗДЕ ШЕТЕЛДІК ТУРИСТЕРДІҢ ЖАРНА ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ ЕНГІЗІЛМЕК

Қазақстан шетелдік азаматтардан бір түнге 2-4 доллар мөлшерінде «Bed Tax» ұқсас туристік жарна алу тәжірибесін енгізбек. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты.«Біз Грузияның, Чехияның, БАӘ-ның тәжірибесі бойынша елдердің келу туризмін дамыту үшін негізгі нарықтарда жылжыту сапасын арттыруды ұсынамыз. Бюджеттік жүктемені төмендету үшін көрсетілген шамада тек шетелдік азаматтардан бір түнге 2-4 доллар мөлшерінде «Bed Tax» ұқсас туристік жарна тәжірибесі енгізілетін болады. Шара мемлекеттік бағдарлама қабылданған сәттен бастап бүкіл Қазақстан бойынша әрекет ететін болады», – деді «Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» жобасын таныстырған Арыстанбек Мұхамедиұлы. Оның айтуынша, алымдар «Kazakh Tourism» ҰК АҚ жанынан ашылған бюджеттен тыс шотқа түседі. Бұл кейіннен компанияның өзін-өзі ақтап шығуына және елдің туризм саласын ілгерлетуге, бюджеттік жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді. «Шара сондай-ақ, «Kazakh Tourism» маркетингтік жұмысының тиімділігін ынталандырады. Шетелдік туристер ағынының ұлғаюынан көбірек алымдар алатын болады. Бірінші кезеңдерде шарадан түскен қаржылық түсімдер кейіннен ұлғайып, жылына 1,5 млрд теңгені құрайды», – деді министр.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
60 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
111 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
150 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
410 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
430 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»