8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Тамыз 2020 1341 0
Қоғам

ЕЛІМІЗДЕ БАЛАМАСЫ ЖОҚ АРНАУЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ

      Мүмкіндігі шектеулі жандарға, оның ішінде  балаларға,   олардың психикалық, денелік, интеллектуалдық  ақаулықтарына орай,  қоғамда өмір сүруге  жеткілікті дәрежеде бейімделуі қиындық туғызады. Соңғы жылдары мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше назар аударылып, олардың мәселелерін шешу  біздің еліміздегі  әлеуметтік саясатта маңызды  орынға ие.    Соның бір айғағы  қаламыздағы  «Шапағат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы.  Біздің мекеме ерекше балаларға арналған  күндізгі жартылай стационарлық үлгідегі, республика бойынша бірден-бір баламасы жоқ орталық. 

Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау» Заңына  сәйкес Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының  «Шапағат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы 2009 жылы ашылды.

    Мекеменің мақсаты – қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жеке даму деңгейін арттыруға, әлеуметтендіруге және кіріктіруге бағдарланған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету.

Орталыққа психоневрологиялық ауытқулары бар және церебральды сал ауруымен ауыратын 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі балалар қабылданады. Орталықта балалардың ерекшеліктерін ескере отырып, оларды үш топқа бөліп, «Таңшолпан», «Еркетай», «Айналайын» топтары  жұмыстануда. Қазіргі таңда осы үш топта барлығы  45 бала қызмет алуда.  Оларға түрлі бағыттағы бекітілген стандартқа  сай, арнайы қызмет түрлері  көрсетіледі.

Әлеуметтік қызметтермен қамту көп жағдайда  көмекке мұқтаж қызметтерді алушылардың   қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған  нақты қызметтер жиынтығын ұсынады. Атап айтсақ, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік- медициналық, әлеуметтің-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық. Осы қызмет түрлерімен орталықтағы қызметтерді алушы балаларымыз   түгелдей қамтылған. Оларға арнайы мамандар осы бағыттар бойынша  қызметтер  көрсетуде.

        Қызметтерді  алушыларға  көрсетілген арнаулы әлеуметтік қызметтің сапасын арттыру мақсатында   мекемеде  сенсорлық кабинет, дене шынықтыру залы, түзете – дамыту кабинеті,  емдік шара кабинеті, асхана т.б  жұмыс жасайды. Мекеме ауласы кең, серуендеуге қолайлы,   балаларға  демалу үшін үлкен төбесі   көмкерілген жайлы   орын орнатылған. Жазғы спорттық ойындарға арналған шағын  алаң жасақталған.

Сондай-ақ қызметтерді алушыларды үйлерінен орталыққа  келіп-кетуін қамтамасыз ету мақсатында арнайы  жабдықталған  көліктер ұйымдастырылған.

Балалардың денсаулықтарын жақсарту барысында жоспарлы түрде жүргізіліп жатқан жұмыстардың бірі, сал ауруына шалдыққан қызмет алушыларға арналған – иппотерапия сеансы. Иппотерапия  сеансын алуға бару  үшін орталықтағы балалар арнайы көлікпен қамтылған.

Орталықтың  мақсаты ерекше күтімді қажет ететін балаларға  жоғарыдағы қызметтерді көрсетіп ғана қоймай ата-аналарға , олардың отбасына  моральдық-психологиялық қолдау  көрсету.  Орталыққа балаларын орналастыру арқылы ата-аналардың жұмысқа орналасуына да мүмкіндік туады.

Мамандар  тынбай еңбектенудің нәтижесінде жетістіктерге де жетіп жүр. Осындай жетістіктерге қол жеткізген мамандардың іс- тәжірибелерін насихаттау мақсатында мекемеде облыстық семинарлар ұйымдастырылып отырады. Мамандардың іс-тәжірибелері  сондай-ақ республикалық, облыстық басылымдарда жарияланып жүр.

Осындай ауқымды жұмыстардың нәтижесінде 2017 жылы «Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі үздік қызметкерлер» Республикалық конкурсының «Үздік медициналық-әлеуметтік мекеме» номинациясы бойынша байқауға қатысып,  алғыс хатпен марапатталсақ, 2018 жылы осы байқаудың «Үздік әлеуметтік қызметкер» атағын мекеме дефектологы Жартыбаева Бибігүл Ашықбайқызы жеңіп алды. Сонымен қатар, дефектолог Б.Абилхатина министрдің «Құрмет грамотасымен» марапатталса, бірнеше маман облыс әкімі мен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Алғыс хаттарымен» марапатталды. 2019  жылы тәрбиеші Құсан Дина Орынғалиқызы ҚР Еңбек және халықты  әлеуметтік қорғау министрінің атынан  құрмет грамотасымен марапатталды.

Осы жетістіктеріміздің барлығы дана халқымыз «Бірлік бар жерде, тірлік бар» дегендей мекеме ұжымының ұйымшылдықпен бір бағытта саналы, білікті, адал ниеттерімен атқарып жүрген қызметтерінің нәтижесі.

 Нәсіп Мусина, жоғары санатты дәрігер-педиатр, БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік  бағдарламалар басқармасының «Шапағат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы КММ директоры 

 Орал қаласы

   

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
212 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
252 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
530 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
542 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
669 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
971 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1063 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1089 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1300 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1569 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1797 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1836 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1983 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2180 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
2403 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»