ЕЛІМІЗДЕ 13 МОДУЛЬДІК ИНФЕКЦИЯЛЫҚ СТАЦИОНАР САЛЫНАДЫ
ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой күзде болуы мүмкін COVID-19 жаңа толқынына дайындық шаралары туралы мәлімдеді.

Министрдің мәліметінше, Қазақстанда қазан айында 13 модульдік инфекциялық стационар салу жоспарлануда.
Еліміздің дәріханаларына 10 млн-нан астам дәрі-дәрмек жеткізілді. Бірыңғай дистрибьютор республиканың медициналық ұйымдарын айлық дәрі-дәрмек қорымен қамтамасыз етіп, 30 қыркүйекке дейін 24 млрд теңгеге қосымша екі айлық қор құрады. СК-Фармация негізінде Республикалық тұрақтандыру қоры, сондай-ақ 11 өңірлік тұрақтандыру қоры құрылды.
Ауруханаларды толық жарақтандыру үшін қосымша 2 578 өкпені жасанды желдету аппараты, оның ішінде 1500 отандық тауар өндірушілерден, 1078 жергілікті бюджет, демеушілік көмек және Дүниежүзілік банк қаражаты есебінен сатып алынады.
23 890 төсек-орын оттегімен қамтамасыз етіледі, оның ішінде 13 153-і оттек концентраторлары арқылы қамтамасыз етіледі. 2020 жылдың қазанына дейін еліміздің барлық аудандық ауруханаларын сандық рентген аппараттарымен 100 пайыз қамтамасыз ету жоспарлануда.
Ведомствоаралық комиссия Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы аурухналарға ұқсас 2,7 мың төсек-орны бар жаңа 13 жұқпалы аурулар ауруханасын салу туралы шешім қабылдады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу