8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Наурыз 2019 2324 0
Спорт

ЕЛЕУСІНОВ ТУРНИРІНІІҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

ХХХІ жазғы РИО олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің жүлдесіне арналған ересектер арасындағы халықаралық турнир бүгін мәреге жетті. Турнир жеңімпаздарын Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов  құттықтап, марапаттады.

 

Орал қаласында ұйымдастырылған төрт күндік додаға Нұр-Сұлтан қаласының, Маңғыстау, Атырау, Ақмола, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарының және Өзбекстан мен Қырғызстан Республикаларының командалары бойынша 76 боксшы жиналып, 10 салмақ дәрежесі бойынша шаршы алаңда баптары мен бақтарын сынға салды.

Нәтижесінде 49 келі салмақта Қызылорда облысынан келген Дулат Дәуітов, 52 келіде батысқазақстандық Нұрсұлтан Нұриденов, 56 келіде батысқазақстандық Сағындық Молдашев, 60 келіде Ақмола облысының спортшысы Сұлтан Мусинов, 64 келіде ақтөбелік Рахат Сейітжан, 69 келіде Өзбекстан Республикасының боксшысы Саиджамшид Жаффаров, 75 келіде ақмолалық Владислав Преображенский, 81 келіде Маңғыстау облысынан Ерік Әлжанов, 91 келіде ақтөбелік Жәнібек Қартабаев, 91 келіден жоғары салмақта Түркістан облысынан Нұрлан Сапарбай бірінші орындарды иемденді.

Дәстүрлі турнир жүлдегерлері ҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының арнаулы грамота, медальдарымен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
46 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
106 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
142 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
407 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
427 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»