Ел құрметіне бөленген журналистер марапатталды
Бүгін, маусымның 29-ы күні «Атамекен» өнер ордасында Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесіне орай облыс әкімі Нариман Төреғалиев Ақ Жайық өңіріндегі барлық БАҚ өкілдерін құттықтап, құрмет көрсетті.
Салтанатты шара басталмас бұрын жылына бір рет келетін мейрамда бас қосқан журналистер алдымен «Атамекен» өнер ордасының фойесіндегі көрмені тамашалады. Шараның шымылдығы Ғ.Құрманғалиев атындағы БҚО филармониясының «Назерке» би ансамблінің «Той думан» биімен ашылды. Бұдан кейін облыс әкімі Нариман Төреғалиев құттықтау сөз сөйледі.
– Баршаңызды кәсіби мереке «Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері» күнімен шын жүректен құттықтаймын. Ұжымды ұйыстырып,қаламгерлердің шабытын шыңдау мақсатында өңірімізде мерекеге орай салтанатты жиындар, медиа-форумдар мен түрлі спорт түрінен дәстүрлі спартакиада ұйымдастырылып келеді. Ал бүгінгі мерекелік шараның барысында өңірімізге еңбегі сіңген журналист, Ұлы Отан соғысының ардагері, «Орал өңірі», «Приуралье» газетін басқарған Хабер Нұрмұхамедовтың есіміне ескерткіш тақта ашылды. Журналистерді ұлықтаған мұндай тағылымды шара облысымызда тұңғыш рет жүзеге асуда. Осы жылдың наурыз айында қабылданған ақпараттық – доктрина – ақпараттық – коммуникациялық салада мемлекеттік саясатты қалыптастыратын атаулы құжат болды. Бұл журналистер қауымының мемлекет тарапынан тыс қалмауының тағы бір дәлелі болса керек. Сіздерді тағы бір мәрте кәсіби мейраммен құттықтап,зор денсаулық,отбастарыңызға мол бақыт, қызметтеріңізге шығармашылық табыс тілеймін,-деді.
Бұдан соң өңір басышысы Нариман Төреғалиұлы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісін «Орал өңірі» газетінің тілшісі Гүлбаршын Әжігереева мен «AQJAIYQ» телеарнасының редакторы Тәтті Өтеғалиеваның кеудесіне тақты. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Құрмет» грамотасымен «Казахстанская правда» газетінің арнаулы тілшісі Наталья Портнягина, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің «Алғыс хатымен» облыстық «Самал» балалар газетінің бас редакторы Жұмажан Сүндетов, «БҚО үздік ақпарат қызметкері» медалімен Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы журналистер клубының төрағасы Асыланбек Ғұбашев, облыстық «AQJAIYQ» телеарнасының ардагері Сара Нәбибуллина, «Приуралье» газетінің бас редакторы Тоқтар Кенжеғалиев, «Соқпақ» журналының бас редакторы Құралай Қайрлиева және облыс әкімінің Алғыс хатымен қоса сыйақымен «Жайық үні» газетінің бас редакторы Мира Шүйіншалиеваны марапаттады.
Жиында «Абай» телеарнасының директоры Азамат Кеңесұлы мен «ЗаңМедиа» корпорациясының директоры Досымбек Өтеғалиев жерлес әріптестеріне жылы лебіздерін жеткізді. Жиын соңы әріптестердің мерекелік концертіне ұласты.
Гүлжан АЯЗБАЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Кіру
Пікір үстеу