8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Қазан 2020 1510 0
Өзек

ЕКІ ЖОЛАУШЫ ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН ЗАРДАП ШЕКТІ

Бүгін, 20 қазан күні сағат 7.30 шамасынла Оралда екі жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бір уақытта болған екі оқиғадан екі жолаушы зардап шекті. Оның бірінде  қоғамдық көлік жол өтпесінне өтіп бара жатқан  жаяу жүргіншіні қағып кеткен. 
Оқиға туралы БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Мәліметке сүйенсек,  таңғы 07 сағат 33 минутте Еуразия даңғылының бойындағы «Диана» аялдамасының жанындағы жаяу өткелден өтіп бара жатқан 1999 жылы туған азаматшаны №1 маршруттағы шағын автобусы қағып кеткені туралы кезекші бөлімге хабарлама келіп түскен. Жәбірленуші жедел жәрдемнің көмегімен ауруханаға жеткізілді.

Арада 1 минут өткеннен кейін, яғни сағат 07.34-те Жәңгір хан көшесіндегі «Медколледж» аялдамасының жанында қаладағы жеке ұйымдардың біріне тиесілі «Газель» автокөлігінің жүргізушісі 40-45 шамасындағы әйел адамды қағып кеткені туралы тағы бір хабарлама келіп түсті. ЖКО салдарынан жарақат алған әйел адамды жедел жәрдем ауруханаға жеткізді.
zhaikuni.kz
Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
66 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
114 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
153 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
412 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
432 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»