ЕКІ АДАМ ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН КӨЗ ЖҰМДЫ
Бүгін, 18 желтоқсан күні сағат 9.40 шамасында «Бөрлі-Ақсай» автожолы бойындағы Пугачев ауылы маңында жол-көлік оқиғасы орын алып, екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды.

«ВАЗ-21102» автокөлігінің жүргізушісі, 1996 жылғы азамат қашықтықты сақтамай, алдында келе жатқан 1964 жылғы жүргізушінің басқаруындағы «Лада Ларгус» маркілі автокөлігін артынан түйген. Салдарынан ол қарсы жолға шығып кетіп, 1977 жылғы азамат жүргізіп келе жатқан «Форд-Галакси» автокөлігіне соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасынан «Форд-Галакси» автокөлігінде болған 1938 және 1965 жылғы екі жолаушы көз жұмды.
Төрт жолаушы Ақсай қаласындағы орталық аудандық ауруханаға жеткізілген.
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі осы фактіге байланысты ҚК 345-бабы 4-тармағына сай сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын хабарлады.
Ауа-райының құбылуына байланысты облыс аумағындағы автожолдарда жол-көлік оқиғалары жиі орын алуда. Осы орайда полицейлер ауа-райының бұзылуы кезінде барынша қауіпсіздік ережелерін, әсіресе жылдамдық және қашықтық режимін сақтауды, жолда қойылған жол белгілерін орындауды ескертеді. Кенет бұрылыстар жасау, қыс мезгілінде тозығы жеткен немесе жазғы дөңгелектермен жүру аса қауіпті.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу