8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Қыркүйек 2021 1668 0
Қоғам

ЕҢ ТӨМЕНГІ ЖАЛАҚЫ 60 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН КӨТЕРІЛЕДІ

 Бүгін, 1 қыркүйек күні  ҚР Президенді Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелi реформалары – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы жариялады. Жолдауда  негізгі мәселелерге тоқталып,  халқымыздың әл-ауқатын арттыруға арналған бес басатамны  атап өтті. Алғашқысы  – ең төменгі жалақы мөлшерін көбейту. 

«Ең төменгі жалақы деңгейін қайта қарайтын кез келді деп санаймын.

Бұл – бір жағынан аса маңызды макроиндикатор болса, екінші жағынан – әркімге түсінікті көрсеткіш.

Бізде ең төменгі жалақы мөлшері 2018 жылдан бері өскен жоқ.

Қоронавирусқа байланысты әлемдік дағдарыс тұрғындардың табысына кері әсер етті. Оның үстіне Қазақстан ең төменгі жалақы деңгейі бойынша ТМД-ның бірқатар елдерінен артта қалып қойды.

Сондықтан, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақыны қазіргі 42,5 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылдадым.

Бұл шара бір миллионнан астам адамға тікелей, ал бүкіл еңбеккерлерге жанама әсер етеді.

Сонымен бірге, көлемі бүгінде жария етіліп жүрген жалақының 30, тіпті кейде 40 пайызына дейін жететін «көлеңкелі» еңбекақы қорын азайтады.

Ең төменгі жалақы мөлшерін көбейту ішкі тұтынуды өсіріп, экономикаға оң әсер етеді. Сарапшылардың бағалауы бойынша, бұл Ішкі жалпы өнімді 1,5 пайызға арттырады.

Бұдан былай ең төменгі жалақыны салықтық, әлеуметтік және басқа да салаларда есептік көрсеткіш ретінде орынсыз пайдалануды қою керек.

Үкімет пен Парламенттен жыл соңына дейін қажетті өзгерістерді заңнамаға енгізіп, оның келесі жылы қаңтар айында күшіне енуін қамтамасыз етуді сұраймын» деді Президент.

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
62 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
113 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
152 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
411 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
431 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»