8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Желтоқсан 2021 1910 0
Қалалықтар қаперіне

ЕҢБЕКТЕРІ ЕЛЕНДІ

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков ел дамуы мен көркеюіне үлес қосып, табысты еңбек еткен сала өкілдеріне мерекелік наградаларды табыс етті.

Шаһар басшысы салтанатты жиында Ұлық мерекемен құттықтап,
– Әр халық үшін тәуелсіздіктен артық қасиетті де қастерлі ұғым жоқ. Бірлігіміздің арқасында тәуелсіздік жылдары іргелі мемлекет болып қалыптасып, өзгелермен теңесіп, даму жолында жаңа қадамдарға бастадық. 30 жыл ішінде мемлекетіміз нығайып, шекарасын бекітіп, әлеуметтік-экономикалық дамып, әлемдік аренадан өзіндік орын алды. Жасампаздық пен ілгерілеу, бейбітшілік пен келісім орнаған елімізде табыс пен тұрмыс сапасы артып, жаһандық бәсекеге қабілеттілік артты. Мүмкіндіктер кезеңінде Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуі негіз болды. Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық пен береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін,- деді.
Салтанатты шарада бір топ сала өкілдері «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Сондай-ақ үздік сала қызметкерлеріне БҚО әкімі және Орал қаласы әкімінің Құрмет грамотасы табыс етілді.

Ақарыс ӘЙІПТЕГІ, суретке түсірген автор

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
55 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
103 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
58 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
287 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»