8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Шілде 2024 3407 0
Қалалықтар қаперіне

Еңбек шартына смартфоннан қол қоя алады

Енді қазақстандықтар жұмыс берушімен еңбек шартына тек қағаз түрінде ғана емес, смартфоннан да қол қоя алады. Жаңа сервис eGov Mobile мобильді қолданбасында қолжетімді.


Жұмыс беруші hr.enbek.kz порталында өзінің жеке кабинетінде электрондық еңбек шартының жобасын жасайды және оны жұмыскерге келісуге жолдайды.

«Жұмыскерге шартқа қол қою ұсынысымен eGov Mobile мобильді қолданбасында push-хабарлама келеді. Ол өзінің жеке басын қысқа парольмен, мобильді қосымшадағы биометриялық деректермен растайды, push-хабарлама арқылы өтеді. Әрі қарай еңбек шартымен танысады, егер шарттармен келіссе, қысқа кодты енгізіп немесе биометриялық деректермен тексеруден өтіп, өзінің ЭЦҚ көмегімен қол қояды», – деп жазылған «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ хабарламасында.

Жүйе hr.enbek.kz порталындағы жұмыс берушінің жеке кабинетіне хабарлама жібереді. Жұмыс беруші электрондық еңбек шартына ЭЦҚ немесе QR арқылы қол қояды. Жүйе қол қойылған электрондық еңбек шартын автоматты түрде Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне тіркеуге жібереді, содан кейін шарт жасалған боп есептеледі. Сервис іске қосылған сәттен бастап, 775 электронды еңбек шартына қол қойылған.

Егер пайдаланушы мобильді қолданбаны орнатпаса, бірақ мобильді азаматтар базасында тіркелген болса, оған қолданбаны жүктеуге сілтеме, жаңа хабарламаның келіп түскені туралы ақпараты бар 1414 нөмірінен sms-хабарлама жіберіледі. Қолданбаға ең алғаш кірген кезде пайдаланушыға жіберілген барлық хабарламалар шығып тұрады.

Дереккөз: kazinform.kz

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
85 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
64 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
76 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
145 0
Оқиға
200 – ден астам патрон табылды
12 Наурыз 2026
162 0
Оқиға
16 қылмыс ашылып, 35 адам ұсталды
12 Наурыз 2026
192 0
Мезгіл мәселесі
Права услугополучателей — главный приоритет
12 Наурыз 2026
147 0
Без рубрики
Қызмет алушылар құқығы – басты назарда
12 Наурыз 2026
151 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»