8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Шілде 2019 2034 0
Қоғам

ЕҢБЕК МАЙТАЛМАНЫНА ҚҰРМЕТ

Бүгін ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Лавр Хайретденов мерейлі 80 жасқа толып отырған ел ақсақалы Есет Қабдоллаұлын арнайы шақырып, ерекше құрмет көрсетті.

Жарқын өмірінің көбін ауылшаруашылығы саласына арнап,  дархан дала төсінде төрт түлік малдың тұяғы дүбірлеп жүруіне өзінің сүбелі үлесін қосып, осы салада талай інілері мен ауыл азаматтарын тәрбиелеп, бағыт-бағдар беріп, жол көрсеткен ел ағасы Есет Ғабдуллин бүгінде отбасымен Орал қаласында тұрады. Еліне ерте танылған ардақты азамат Бөкейорда ауданының тумасы. Көз ашқаннан кіндік қаны тамған жерінен жырақтамай, биік баспалдақтарға  қарапайым еңбек ету жолымен  көтеріліп, кейін білімін жетілдіріп, бойындағы жастық жалынын, күш-қайратын ауылдың өркендеуіне, шаруашылығының шалқып тұруына арнады. Есет ағаны сол үшін де ел-жұрты бағалайды. Қарапайым еңбектің майталманы санап, дәріптейді. Бүгінгі таңда маңдайы жұлдыздай жарқырап 80 жасқа толып отырған Есет Ғабдуллинге облыс басшылығы атынан зор қошеметтер көрсетіліп, құттықтау лебіздері ақ жауындай жан-жақтан төгілу  үстінде. Соның бір дәлелі, аталмыш инспекция ұжымының да ел ақсақалын арнайы  мекемеге  шақырып, қазақы салт-дәстүрмен иығына шапан жауып, қошемет білдіруі.

– Есет Қабдоллаұлын өзіме ұстаз санаймын. Ауылшаруашылығы саласын ғана емес, ауылды көрейтіп, елді елдің қатарына қосудағы мол тәжірибесін өзіме үлгі тұтумен келемін. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген. Аудан басқарған кездерімде Есет ағаның алдына барып, сәлемімді беріп, қайткенде ауылдың еңсесін биік ұстаймыз деген мақсатта дидарласып тұрушы едім. Өйткені ауылмен бірге тыныстап, саф ауасын жұтып, жусан шөбін иіскеп өскен Есет ағаның бергенінен елге берері әлі көп. Бүгін, ағамызды мерейлі жасымен құттықтап, ұжымымдағы жастарға үлгі тұтып, бөкейлік аға-апалардың да басын қосып, жерлестерім атынан да ыстық лебізімді жеткізуді мақсат тұттым. Еңбек десе ішкен асын жерге қоятын осындай игі жақсылар біздерге, елге, ертеңгі ұрпаққа ауадай қажет. «Сен нені білесің бала батыр?! Қариялар азайып бара жатыр» деген ақиық Мұқағалидың жыр жолдары «Еңбегіне қарай құрмет, жасына қарай ізет» деген мақал-мәтелді де еске түсіреді. Сондықтан Есет ағамызға жарқын өмір, ашық көңіл, зор денсаулық тілей отырып, иығына оюлы шапан жауып, алғыс хат табыстауыма рұқсат етіңіздер,­ – деді Лавр Рашидұлы.

Жылы жүздесуде осындай ақ тілекті Бөкейордасы ауданының құрметті азаматы, жеке кәсіпкер Нұрлыбек Бірманов, зейнеткер азамат Нұрлан Ізтілеуов, «Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері салалық кәсіподағы» БҚО бойынша филиалының төрағасы Айдар Батырханов,  БҚО ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі Сәния Хамзина тағы басқа да шақырулы қонақтар жалғастырып, Есет аға жайлы естеліктермен бөлісті. Атақты күйші, «Құрмет» орденінің иегері Ермек Қазиев кеш иесіне арнап күмбірлете күй тартты. Бөкейордалық жерлестер де туған жерден түлеп ұшқан азаматпен емен-жарқын көрісіп, естелік суретке түсті. Кешті түйіндеген Есет Ғабдуллин мен  Айгүл Есетқызы отбасы атынан жерлестері мен әріпестес игі-жақсыларға шынайы  лебіздерін жеткізді.

М. ХАМЗАҚЫЗЫ,суретке түсірген Р. ХАЛЕЛОВ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
«AMANAT» көмекке келді
28 Наурыз 2024
59 0
Қоғам
Болашақты болжайтын карта
28 Наурыз 2024
102 0
Мезгіл мәселесі
Тасқын толастар емес!
28 Наурыз 2024
118 0
Мезгіл мәселесі
Жағдай мәз емес!..
28 Наурыз 2024
122 0
Мезгіл мәселесі
Арық салуға қомақты қаражат керек
27 Наурыз 2024
206 0
Қалалықтар қаперіне
Арнайы комиссия құрылады
27 Наурыз 2024
202 0
Мезгіл мәселесі
Тасқынның мән-жайын түсіндірді
27 Наурыз 2024
208 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды
26 Наурыз 2024
293 0
Табиғат
Экологиялық акциялар өтті
24 Наурыз 2024
548 0
Мереке
Жыл басы күнін атап өтті
23 Наурыз 2024
739 0
Құттықтаймыз!
80 отбасы баспаналы болды
21 Наурыз 2024
869 0
Мереке
Балаларға базарлық берілді
21 Наурыз 2024
879 0
Мереке
Жаңару күнін тойлады
20 Наурыз 2024
954 0
Қалалықтар қаперіне
«Ұршық пати» көрмесі өтті
16 Наурыз 2024
1357 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысының атынан ауызашар берілді
16 Наурыз 2024
1375 0
Табиғат
Салаладағы мәселелер талқыланды
15 Наурыз 2024
1451 0
Қалалықтар қаперіне
Жайық жұртымен кездесті
14 Наурыз 2024
1539 0
Білім
Дубналықтар КазИИТУ-ға келді
12 Наурыз 2024
1746 0
Қалалықтар қаперіне
Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары!
12 Наурыз 2024
1744 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»