8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Қыркүйек 2020 1344 0
Қоғам

ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ – СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІ ЖОҒАРЫ МЕКЕМЕ

14 қыркүйек күні БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Р.С.Ақмырзаевтың және облыс әкімі аппаратындағы Әдеп жөніндегі уәкіл А.Р.Хайруллинаның қатысуымен БҚО еңбек инспекциясы басқармасының ұжымында кездесу ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыру болып табылады.

– 2019 жылдың аяғында басшылардың дербес жауапкершілігі заңмен бекітілді. Яғни, саяси қызметкер үшін отставкаға кетуі, ал әкімшілік мемлекеттік қызметкер басшылары үшін тәртіптік мәселесі қаралады. Сыбайлас жемқорлық жөнінде жүйелі түрде ескертіп отыруға ерекше мән берген жөн. Әр мемлекеттік мекеменің басшысы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды сапалы жүргізуі қажет» – деп атап өтті  Р.С.Ақмырзаев.

Еңбек инспекциясы тексеруші орган болғандықтан, сыбайлас жемқорлық тәуекелі жоғары мекеме болып табылады. Әр тексеру алдында мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлық мәселесі бойынша қатаң ескертілуі қажет.

Шара барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызмет барысы мен миссиясы және сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған күдіктілерді ұстау барысы туралы бейнероликтер көрсетілді.

Сонымен қатар, Р.С.Ақмырзаев қатысушыларды адал, парасатты болуға және мемлекет пен азаматтардың мүддесіне шынайы қызмет етуге шақырды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
60 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
111 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
150 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
410 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
430 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»