8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Желтоқсан 2020 1258 0
Қоғам

ЕҢБЕГІ ЕЛЕНГЕН БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІРНЕШЕ АЗАМАТ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАРМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

ҚР Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында Мемлекет басшысының Жарлығымен  елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін бірқатар азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды. 15 желтоқсан күні Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында  өткен мерекелік салтанатты жиында  облыс әкімі Ғали Есқалиев батысқазақстандықтарды егемендіктің 29 жылдығымен құттықтап,  марапаттарды иелеріне табыс етті.

– Сонау Сақ, Алтын орда мемлекеттерінің заңды мұрагері ретінде ата-бабамыз ғасырлар бойы сақтап келген ұлы дала елінің  қастерлі мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, бұл күн өз болашағымызды өзіміз айқындауға  қолымыз жеткен Ұлы күн! 29 жыл тарих биігінен қарағанда аз уақыт болғанымен, осынау жылдар ішінде зайырлы, индустриалды-инновациялық даму жолына түскен дамушы елге айнала алдық. Әрине, өзіндік қиындықтарға тап болсақ та, елдің дамуы үшін әрбір қазақстандық аянбай тер төкті. Егемендік алған күннен бастап қабылданған барлық саяси және экономикалық шешімдер өз жемісін беріп, елдің  гүлденуіне өз септігін  тигізді. Ауыл шаруашылық, инвестиция, сауда-саттық, денсаулық пен білім, жастар мәселесіне ерекше көңіл бөлініп, тиісті бағдарламалар қабылданып, жүзеге асты. Еліміздің экспорттық әлеуеті артып, экономикамыз өркендеді. Мемлекет қабылдаған шаралардың нәтижесінде облыста қолайлы инвестициялық жағдай жасалды. 29 жылдың ішінде өңір экономикасына 4 триллион 900 миллиард теңге  инвестиция құйылды.  Ауыл шаруашылығы саласында ет комбинаты, май өңдеу зауыттары, жылыжайлар салынды. Тұрғындарды әлеуметтік қолдау бағытындағы қаржыландыру артты. Тәуелсіздік жылдарында 5 500 мың шаршы метрлік тұрғын үй пайдалануға берілді. Осы уақыт ішінде 2 700 шақырым автомобиль жолы салынды. Бұрын 12 аудан орталығының бесеуі ғана облыс орталығымен асфальтты жол арқылы байланысқан болса, қазір екеуі ғана қалып, жол құрылысы жүруде. 2000 жылдардан бері 68 мектеп ғимараты салынды, 200-ден аса білім ошағына күрделі жөндеу жүргізілді. Экономикалық оң көрсеткіштер тұрғындардың әл-ауқаты мен жұмыспен қамтылуынан көрінді. Кейінгі жылдары  өңірде 250 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылды. Егемен Қазақстанның басты жетістігі – бейбітшілік пен тұрақтылық. Алаш ардақтысы Әлихан Бөкейханұлы «Бізде бірлік болып, іс қыла білетін шебер табылса, Алаштың баласы бақыт-махаббат жолына түсті» деп, біздің болашағымызды әдемі болжап кеткен еді. Осы сөздің дәлелі – халқымыздың елеулі еңбегі, Елбасының татулықты  ту еткен саясаты деп түсіну қажет.  Қазақ халқында «ынтымақты елдің ырысы мол», «ынтымақ жүрген жерде ырыс жүреді» деген мақал-мәтелдер бар. «Ынтымақ», «достық», «этносаралық келісім» текке айтылған сөз емес, оның астарында тыныштық, үміт, қоғамның дамуы тұр. Сондықтан арандатушы топтың сөзіне ермей, елдің  болашағын ойлауымыз тиіс. Қазіргі бейбіт ғұмырымызды бағалап, мемлекетімізді жаңа биіктерге  жеткізу – қазіргі буын мен жастардың мызғымас бағыт-бағдары. Сондықтан Алаш арыстарының, Отан  үшін от кешкен ата-әжелеріміздің аманатын алып жүру – парызымыз. Тәуелсіздіктің  нәтижесінде тарихы біте қайнасқан тұтас қауымға айналдық. Алға қойған мақсатқа бірге  қол жеткізейік, – деген Ғали Нәжімеденұлы мемлекеттік наградаларды салтанатты түрде иелеріне  ұсынды.

ҚР Президентінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік наградалармен наградтау туралы Жарлығы бойынша Жәнібек ауданындағы «Әлем» шаруа қожалығының басшысы Ескендір Елемісов, «Nur Otan» партиясы БҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев, «Құрылыс өндірісін ұйымдастыру бойынша инжерингтік компаниясы»ЖШС-ның бас директоры Әлібек Сыдықов, Ғ.Құрманғалиев атындағы БҚО филармониясының әншісі Сәуле Таудаева, Тасқаладағы «Чижа1» ЖШС-ның директоры Виктор Николоевич «Құрмет» орденімен наградталды.

ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені Бөкей ордасы ауданы «Көшім» шаруа қожалығының механизаторы Нұржан Ғаббасовқа, Бәйтерек ауданы «Достық» шаруа қожалығының механизаторы Николой Кондрашовқа, Қаратөбе ауданы «Мөлдір» шаруа қожалығының малшысы Тұрар Сейітқалиевке, «Жайық жылу қуат» АҚ-ның қызметкері Орынғали Оразғалиевқа табысталды.

«Ерен еңбегі үшін» медалін таққандар қатарында «Азот» зауытының бас директоры Ерболат Әлмұхамбетов, «БҚО кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Айгүл Есекенова, Жастар шығармашылығы орталығының директоры Марат Қалиев, Ғ.Құрманғалиев атындағы БҚО филармониясының әншісі Ернар Өмірәлі, «Уралводпроект» ЖШС директоры Жұмабай Темірбаев, «Топан» ЖШС директоры Владимир Харчев бар.

«Шапағат» медалін «Аялаған алақан» қайырымдылық қорының жетекшісі, волонтер Рада Хайрушева, М.Өтемісов атындағы БҚУ фотосуретшісі Рафхат Халелов иеленді.

Сондай-ақ өңірдегі тағы бірнеше азамат «Қазақстан Республикасының  Құрмет  грамотасын» алды.

Шарада «Құрмет» орденінің иегері Сәуле Таудаева мен ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденін кеудесіне таққан Николой Кондрашов  ортаға шығып, тәуелсіздігімізді мәңгілік ету жолында жерлестерді жұмыла еңбек етуге, бірлікте  болуға  шақырды.

Мерекелік жиын өңір өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
287 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
295 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
428 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
721 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
820 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1058 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1327 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1555 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1591 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1743 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1939 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
2162 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
2250 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»