8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Маусым 2019 1531 0
Дені сау ұлт

ДСҰ: ДОНОРЛАРДЫҢ ӨМІРІ БЕС ЖЫЛҒА ҰЗАРАДЫ

14 маусым – Дүниежүзілік донор күні (WorldBloodDonorDay). Жыл сайын донорлар тапсырған қан миллиондаған адамның өмірін сақтап қалуға көмектеседі.

Бұл күні өз еркімен қан тапсыратын және ол үшін бір тиын да ақы алмайтын, сол арқылы талай адамды ажал аузынан арашалап алуға септігін тигізіп жүрген азаматтарға алғыс айту дәстүрге айналған. Оның үстіне, бұл күн қан тапсырудың денсаулыққа пайдасы мен зәру жандарға қолұшын беру қажеттігі жайлы жан-жақты ақпарат таратып, жұртшылықты игі іске көптеп жұмылдыруға көмектеседі.

Донорға берілетін артықшылықтар

Ересек адамның ағзасында 5,5 литрге жуық қан бар. Бір рет қан тапсырғанда донордан 350-450 миллилитр қан алынады. Мұның адам организміне тигізер пайдасы да зор. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, тұрақты түрде қан тапсыратындардың өмірі шамамен 5 жылға ұзарады.

Бұл қоғамға ғана емес, донордың өзі үшін де тиімді. Денсаулыққа пайдасын былай қойғанда, донорға бірқатар артықшылықтар беріледі. Мәселен, ВИЧ/СПИД, сифилис, қандағы гемоглобин мөлшерін, қан тобы мен резус-факторын анықтау сынды т.б. талдау түрлерін тегін тапсыруға мүмкіндік алады. Қан тапсырған күні студенттер мен оқушылар сабақтан, жұмыскерлер жұмыстан босатылады. Бірақ жалақысы толық төленеді.

Бірегей плазма иесі немесе мыңнан астам рет қан тапсырған

Алматы қаласында тұратын Александр Скаковскийдің тұрақты түрде қан тапсырып келе жатқанына 48 жыл толыпты. Осы уақыт ішінде ол 1090 рет қан тапсырған. «Халық қаһарманы» сыйлығының лауреаты бүгінде 72 жаста.

Александр Скаковский сынды бірегей плазма иесінің бірі Австралияда тұрады. Джеймс Харрисон – өмірінде 1173 рет қан тапсырып, екі миллионнан астам сәбиді аман алып қалуға көмектескен. Оның қанында резустар сәйкес келмеген жағдайда таптырмайтын, D резус-факторы антигеніне қарсы әрекет ететін сирек антиденелер бар. Қызыл крест ұйымының мәліметінше, 1967 жылы осы резустар сәйкессіздігінен жыл сайын мыңдаған австралиялық бала көз жұматын. Былтырғы жылы 81 жасқа толған Дж.Харрисон заң талабы бойынша қан тапсыруды тоқтатқан.

Кімдер донор бола алады?  

Донордың жасы ең алдымен 18-ге толған болуы керек. Қан тапсырмас бұрын міндетті түрде медициналық тексеруден өкізіледі.

Ал, гепатит, сифилис, туберкулезбен ауырғандар, ВИЧ-індетін жұқтырғандар, нашақорлар донор бола алмайды. Сонымен қатар, донор бауыр, бүйрек, жүрек-қан тамыры жүйесінде кездесетін созылмалы ауруларға шалдықпаған болуы тиіс.

Қандағы гемоглобин мөлшері төмен адамдар да  (әйелдерде – 110 г/л, еркектерде – 120 г/л) уақытша донор бола алмайды. Сондай-ақ, қан тапсырардан біраз бұрын ота жасатқандар, тісін емдетіп немесе жұлдырғандар, дәрі-дәрмек ішкендер, екпе салдырғандар, эндемиялық аудандарға барып келгендердің донор болуына уақытша шектеу қойылады.

Қан тапсыруға дайындық

  • Қан тапсырардан бір күн бұрын және таңертең майлы тағамдар мен ет-сүт өнімдерінен бас тарту қажет;
  • Түнгі ауысымнан шыққаннан кейін демалып алмай, қан тапсыруға болмайды;
  • Ауыр зат көтермеңіз;
  • Қан тапсырар алдында темекіден 3 сағат, алкогольден 48 сағат бас тарту керек;
  • Қан орталығына баратын күні таңертең тәтті шай, шырын, газдалған сусындар ішіп, нан-тоқаш өнімдерін жеуге болады.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының мәліметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
108 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
383 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
627 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
660 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
814 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1010 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1246 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1327 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1437 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1442 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1474 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1480 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1585 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1803 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
2115 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
1999 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
2112 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»