Допты хоккей
Допты хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан командасы 3 орынды иемденді. 80 пайызын «Ақжайық» спорт клубының және облыстықө балалар мен жасөспірімдер спорт клубының түлектері құрайтын құраманың жеңісі оралдықтар үшін тіптен ерек. Осы орайда 26 наурыз күні облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасында хоккейшілердің қатысуымен арнайы баспасөз мәслихаты өтті. Ал 27 наурыз күні хоккейшілерді облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов құттықтап, облыс әкімінің алғыс хаты мен естелік сыйлықтарын табыстады.
Ресей, Швеция, Финляндия, Норвегия сынды мемлекеттердің допты хокейден қуатты командалары жиналған чемпионат 21-25 наурыз аралығында Ресей Федерациясының Ульяновск қаласында өткен. Қазақстандық құрама алғашқы ойында Финляндиядан 5:1 есебімен ұтылғанымен, үшінші орынға талас кезіндегі Норвегиямен ойында мықтылықтарын көрсетті. Осылайша, үздік үштіктен көрінді.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсия Рахымқызының сөзінше, жасөспірімдер құрамасы дәл осындай жүлделі орынды 1998 жылы Орал қаласында өткен Әлем біріншілігінде иемденген. Одан кейін жеңісті сәттер болмаған көрінеді.
– Бүгінгі нәтиже елімізде допты хоккейдің дамып жатқанын көрсетеді. Допты хоккейден алдарына жан салмайтын жетекші мемлекеттердің қатарында өнер көрсетуімен салыстырғанда спортшыларымыздың жетістігі өте жоғары, – деді Ә.Аманбаева.
«Ақжайық» спорт клубының директоры Азамат Шайхы атап өткендей, өңірдің жасөспірімдері құрамада 2-3 жылдан бері өнер көрсетуде. Командада 17 жасқа дейінгі балалар ойнайды.
– Норвегиямен болған ойында Дәурен Оралов төрт гол салып, өзінің сұр мерген екенін танытты. Сол секілді команда капитаны Ершат Амангелдиевтің соңғы сәттерде қарсыластар қақпасына тоғытқан добы командаға қола жүлдені әкелді, – дейді Азамат Ерболұлы.
Бүгінгі жасөспірімдер құрамасының жеңісі еліміз үшін 20 жылдан кейін болған нәтиже. Осы орайда мемлекеттік жаттықтырушы Оралбай Жақсымбетов команданың дайындалуына жоғары деңгейде қолдау көрсеткен облыс басшысына республикалық федерация атынан алғысын білдірді. Аталмыш құрама өткен жылғы Әлем біріншілігінде де өнер көрсеткен болатын. Бірақ, табысты болмады. Ал биыл жан-жақты, тың дайындық жүргізілген. Құрама еліміздегі дайындықтарымен қатар, қаңтар айында Ресейдің Ульяновск қаласындағы, ақпан айында Швецияның Ветландия қаласындағы оқу-жаттығу жиынында шеберліктерін шыңдады.
Қазір өңірде допты хоккейді дамытуда бар мүмкіндік жасалуда. +10 градусқа дейін төзімді жаңа технологиямен жабдықталған мұз айдынының жасақталуы соның бір көрінісі. Ал қыркүйек айында үш ауданда допты хоккей бөлімшелері ашылады. Қазірдің өзінде жаттықтырушыларды дайындау жұмыстары жүргізілуде. Осылайша, хоккейшілердің үздіксіз дайындық жүргізуіне жағдай жасалмақ. Ал болашақта жасөсіпірмдердіңқұрамның ұлттық құрамаға еніп, жоғары лигада өнер көрсетуі күтіледі.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу