ДЕРКӨЛДЕ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Деркөл кентіне қарасты Ветелки ауылында ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті.
«30 жұлдызды күн» жоспары аясында бұл шараны Орал каласы Деркөл кенті әкімдігі, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі , БҚО «Азаматтық Альянсы» ЗТБ және БҚО Бәйге федерациясы қолдауымен «Мәдени-ағарту бірлестігі» МКҚК қарасты «Болашақ»балалар аула клубының ұйымдастырды. Ұлттық спорт түрлерін дамыту, жастар мен жасөспірімдерді ұлттық спортқа тәрбиелеу мақсатындағы ауыл біріншілігі ат бәйгесі, кұнан жарысы, аударыспақ, асау үйрету, қыз куу ұлттық ойындары бойныша өтті.
Шараға Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов, қалалық мәслихат хатшысы Есентай Қалиев қатысып, жарысқа қатысушыларға алғыстарын білдірді.
Жарыстың шарты бойынша қатысушы шабандоздар ат бәйгесінен 1 шақырымнан 10 айналым, құнан жарысы 1 шақырымнан 6 айналым жасады. Сонымен қатар Асау үйрету, қыз қуу, аударыспақ ойындары өткізілді.
«Ат жарыста» 1 орын Испаев Төлегеннің «Патроны» оза шапты. Шабандозы – Карипуллов Аңсар, 2 орынды да Испаев Төлегеннің «Бораны» иеленді. Шабандозы – Карипуллов Елхан, Мәреге үшінші жеткен Прокопов Ринаттың «Рыжий» жүйрігі. Шабандозы – Ақболатов Ермахан.
«Құнан жарыста» 1 орынды Камешов Асхаттың жарысқа қосған жүйрігі «Жезкиік» иеленді. Шабандозы – Жакиев Хансұлтан, 2 орын Испаев Рафхаттың «Сұңқары» алды. Шабандозы – Карипуллов Раниль, 3 орынға Каракойшиев Азаматтың «Тұлпары» ие болды. Шабандозы – Кунеев Ерғали.
«Аударыспақтан» 1 орынды Еділ Оразбаев алса, 2 орынды Карипуллов Бейбарыс, 3 орынды Даренов Бисұлтан иеленді.
«Асау үйретуден» Карипуллов Бейбарыс пен Даренов Бисұлтан асауды бағындыр білді.
«Қыз қуу» сайысына 3 жұп катысты – Молдашова Әдемі мен Дәренов Армат. Исагулова Азиза мен Исагулов Азамат. және Келмаева Бигүл мен Даренов Бисұлтан.
Жарыс соңында жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен дипломдармен марапатталды.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу