Дерекқордағы мәлімет жаңартылды ма?
Есептік мерзімнен кейін әр жылдың 31 наурызына дейін үкіметтік емес ұйымдар уәкілетті органға өздері туралы мәлімет ұсынуы тиіс. Алайда, бұл міндетті орындамай отырған ұйымдар жетерлік. Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша өткен жиында шаһар басшысының орынбасары Б.Нарымбетов қалалық құрылымдық бөлім басшыларын осы іске атсалысуға шақырды.

Қазір Орал қаласында 462 ҮЕҰ бар. Бірақ, олардың төрттен бірі ғана нақты жұмыс жасайды. Яғни ашылып, Әділет органына тіркелгенімен, бүгінде бірқатары іс жүзінде жоқ. ҮЕҰ филиалдары мен өкiлдiктері ҚР «Коомерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 41-бабы 5 тармағына сәйкес өздері туралы мәліметті жыл сайын 1 қаңтар мен 31 наурызға дейін infonpo.kz веб-порталына толтыруы қажет. Бұл веб-портал бойынша әр ұйым өз қызметі туралы, оның ішінде құрылтайшылары, мүлкінің құрамы, ақшаны қалыптастыру көздерi мен жұмсау бағыттары туралы мәліметтерді енгізеді. ҮЕҰ Дерекқорына өз қызметі туралы мәліметтерді ұсынудың баламалы тәсілі есеп берудің қағаз нұсқасын толтыру. Оны CD-дискте немесе флэш-жинақтауышта қосымшасымен қоса пошта арқылы жолдау ұсынылады. Былтыр үкіметтік емес ұйымдар дерекқорына Орал қаласы бойынша 95-і ғана мәлімет ұсынған.
– Облыс бойынша 600-ден астам қоғамдық ұйым болса, соның басым бөлігі қалада тіркелген. Біздегі үкіметтік емес ұйымдардың басым бөлігі спорт саласына қатысты. Сондай-ақ білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, ветеринария, жол қауіпсіздігі, тұтынушылар құқығын қорғау бағыттарында құрылған бірлестіктер мен орталықтар, қорлар бар. Құрылымдық бөлімдерден өздерімен жұмыс жасайтын үкіметтік емес ұйымдармен байланысып, олардың дерекқордағы өздері туралы мағлұматтарды жаңартуына ықпал етулерін сұраймыз, – деді қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов.
2017 жылдан бастап әкімшілік құқықбұзушылықтар Кодексіне сәйкес Үкіметтік емес ұйымдар туралы дерекқорға ақпар енгізбеген ұйымдардың жетекшілеріне әкімшілік жауапкершілік қаралған. Есептік мерзімнен кейінгі 31 наурызға дейін мәлімет бермегендерге алғашқыда ескерту, келер жылы 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Бүгінгі күнге қала бойынша 26 ұйым ғана есеп тапсырып отыр.
Ескерерлік маңызды мәселе – аталмыш есепті тапсырғандар ғана мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысты орындауға және ҰЕҰ-ға арналған гранттар бойынша өтетін байқауларға қатыса алады.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу