8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Қыркүйек 2019 1281 0
Без рубрики

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА ҮШ АУҚЫМДЫ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

                Ағымдағы жылы денсаулық сақтау саласына  37355 702,0 мың қаражат қарастырылған. Өңір жұртшылығын дәрі-дәрмекпен қамтуға – 11 116 603,0 мың теңге бөлінген. Тұрғындарды амбулаторлық дәрілермен қамтамасыз етуге – 4 815 505,0 мың теңге, стационарлық көмек көрсетуге қажетті дәрі-дәрмекке – 5 200 144 мың теңге, вакцинаға – 1 100 954,0 мың теңге қарастырылған. Есепті кезеңде 83500 адам тегін дәрілермен қамтамасыз етілген. Бұл туралы облыстық мәслихаттың 29-шы кезекті сессиясында  БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрданат Беркінғали айтып берді. Сессия жұмысына өңір басшысы Ғали Есқалиев,  басқарма басшылары мен депутаттар қатысты.

 

Сессияның күн тәртібіне сай алдымен Батыс Қазақстан облысында ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы барысы туралы  БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрданат Беркінғали баяндады. Басқарма басшысының айтуынша, жыл басынан бері өңірімізде  жалпы өлім көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 7,5 пайызға азайып, 4,9 пайызды құрап отыр. Аналар өлімі тіркелмеген, сәбилердің шетінеуі 16 пайызға төмендеген. Туберкулезбен ауыратындар саны 100 мың тұрғынға шаққанда  31,5 пайызды құрап отыр, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 7,1 пайызға кеміген. Ағымдағы жылы денсаулық сақтау саласына  37355 702,0 мың, қаражат қарастырылған. Оның ішінде материалдық-техникалық базаны нығайтуға – 1803 345,0 мың, мамандар даярлауға –  293673,0 мың теңге, орта буын медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға – 8167,0 мың теңге бағытталған. Биыл 20 нысанды күрделі жөндеуге 1179,8 млн. теңге қарастырылған. Қазіргі таңда облыста vrachu.kz  мобильді қосымшасы арқылы жойылған мониторингті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жаңа технологияны енгізу жоспарлануда. Жедел жәрдем көмегін  жандандыру және жеделдету мақсатында өңірімізде «Жедел жәрдем» стансасының диспетчерлік қызметі жаңарды. Нәтижесінде жедел жәрдемнің шақырту орнына бару уақыты 3 минутқа қысқарған. Яғни бұрын шақыртуға 12 минутта келсе, қазір 9 минутта жетуі тиіс. Ағымдағы жылдың тамыз айында  Денсаулық сақтау саласын дамыту республикалық орталығы 200 медициналық қызметкерді оқытқан. Бірыңғай өңірлік Call-орталығы құрылып, 36 мемлекеттік, үш жеке медициналық қызметкер орталыққа қосылды. Орталық жұмысына төрт оператор, алты психолог тартылған. Барлық медициналық ұйымдарда сенім телефоны жұмыс істейді.

Ағымдағы жылы өңір жұртшылығын дәрі-дәрмекпен қамтуға – 11 116 603,0 мың теңге бөлінген. Тұрғындарды амбулаторлық дәрілермен қамтамасыз етуге – 4 815 505,0 мың теңге, стационарлық көмек көрсетуге қажетті дәрі-дәрмекке – 5 200 144 мың теңге, вакцинаға – 1 100 954,0 мың теңге қарастырылған. Есепті кезеңде 83500 адам тегін дәрілермен қамтамасыз етілген. Өңірімізде медицина мамандарының тапшылығы өзекті мәселе. Облысымызға шілде айынан бастап қыркүйекті аяғына дейін 175 жоғары білімді жас маман келеді деп күтілуде екен.  «Дипломмен ауылға» бағдарламасы шеңберінде биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында аудандарға барған 96 маман 16 967,9 мың. теңге көтермелеу жәрдемақысын алса, 48 маман 173 793,5 мың теңге бюджеттік несиемен қамтылған.  Оларға ауылдарға келген жас мамандарды қолдау жөніндегі облыстық мәслихаттың шешімі бойынша бір миллион теңге көлемінде біржолғы төлемақы қарастырылыпты. Бұл мақсатқа 74 млн. теңге қаражат қажеттілігі есептелген.  Орал қаласында бақылау кеңесінің шешімімен мекеменің жеке есепшотынан өткен жылы төрт маманға 500 мың теңгеден көтерме жәрдемақы берілсе, биыл осындай көлемдегі жәрдемақыны екі маман алған.  Сондай-ақ жалақысына біржолғы қосымша төлем және пәтерақысын төлеу көзделген. Жергілікті бюджет есебінен Ақтөбе қаласындағы М.Оспанов атындағы медициналық университетте білім алу үшін 50 студентке грант тағайындалса, еліміздегі медициналық университеттерде 20 маманның магистратура, 28 маманның резидентурада тегін оқуына мүмкіндігі туды. Күні бүгінде өңірімізге 96 жас маман келсе, оның 45-і ауылдық жерлердегі медициналық ұйымдарға жұмысқа жолданған.    Үстіміздегі жылы жергілікті бюджет есебінен 24 студенттің медициналық университеттерде білім алуына қаражат қарастырылған және меморандум аясында 25 интерн облысымызға келген.  Ағымдағы жаңа оқу жылында қаладағы Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі базасынан С.Асфендияров  атындағы медициналық университеттің филиалы ашылды.

Облыстағы медициналық ұйымдарға үш ақпараттық жүйе енгізілген. Олар «KazMed» медициналық ақпараттық жүйесі, электронды кезек, жедел жәрдем басқармасының автоматтандырылуы. «Kazmed» жүйесіне 35 мемлекеттік, 8 жеке медициналық ұйымы қосылған. Ал электронды кезек жүйесі алты қалалық емханада сәтті жүзеге асуда. Электронды денсаулық паспортында 653 496 адам тіркеліпті. Қазіргі таңда 386 медициналық ұйымның 276-сы ғаламтор желісіне қосылған. Биылғы жылы денсаулық сақтау басқармасымен мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында үш жоба жүзеге асырылуда. Біріншісі, облыстық көпсалалы аурухананы күрделі жөндеуімен жалға беру, жоба құны алты жылға – 133 млн. теңге. Екіншісі,  облыстық көпсалалы ауруханаға ангиографикалық қондырғыны лизингке алу, жобаның құны – үш жылға 370 млн. теңгені құрайды.  Үшіншісі, Ақжайық аудандық ауруханасына құны 379 млн. теңге тұратын компьютерлік томографияны лизингке алу жоспарланған.  Денсаулық сақтау саласын цифрландыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда.  – Жыл басынан бастап құжаттарды қағазсыз толтыруға көшіру жұмыстары басталды. Ақжайық аудандық ауруханасы базасында инсульттік орталық ашылды. 160 орындық кардиологиялық емдеу корпусы құрылысы басталды. 20 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жүргізілді. 38 бірлік медициналық құрылғы және 58 бірлік санитардық автокөлік сатып алынды, – деген облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрданат Беркінғали бұл  саладағы бағдарламаның ойдағыдай жүзеге асырылуына, жергілікті бюджет қаражатының уақытылы және тиісті деңгейде бөлінуіне облыстық мәслихат депутаттарының ықпалы зор екенін атап өтті.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Елді мекен тұрғындары баспанамен қамтылуда
17 Мамыр 2024
160 0
Қалалықтар қаперіне
Жедел-профилактикалық іс-шара өтуде
15 Мамыр 2024
355 0
Мәдениет
БҚАТУ-дың студенттік театры бар
15 Мамыр 2024
355 0
Мәдениет
Сабаздың рухын жаңғыртты!
11 Мамыр 2024
810 0
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
879 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
897 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
918 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
939 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
1309 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
1433 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
1464 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
1739 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
1751 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
1879 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
2171 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
2271 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»