8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Сәуір 2020 1421 0
Қоғам

ДЕМЕУШІЛЕР ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАШЫҚТАН БІЛІМ АЛУЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДЕ

Батыс Қазақстанда 108 мыңнан астам оқушы контингентімен 390  мектептер (оның ішінде 379 күндізгі жалпы білім беретін мектептер, 3 кешкі мектеп, 3 жеке мектеп, 3 арнаулы мектеп, 1 спорт мектеп, 1 НЗМ) 2020 жылдың 6 сәуірінен бастап қашықтан оқуға толықтай көшті. Бұл туралы БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. 

ҚР Білім және ғылым министрлігі қашықтан оқытуды ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекітіп берді. Барлық жұмыстар аталған ұсынымдарға сәйкес жүргізілуде. Облыстың 379 жалпы білім беретін мектептің 362 кеңжолақты интернет желісіне қосылған, оның ішінде талшықты-оптикалық байланыс желісі арқылы, кабельдік қосылым (ADSL) арқылы, шектеулі трафикпен спутниктік байланыс арқылы, радиокөпір технологиясы бойынша қосылған.  Орал қаласының мектептері мен аудан орталықтары 100% қамтамасыз етілген. Спутниктік байланыс арқылы интернетке қосылған мектептердегі интернет желісі жылдамдығының төмендігінен (4-10 Мбит/с), сондай-ақ шектеулі трафик әсерінен (10 Гб) облыстың мұғалімдері мен оқушылары оқу процесінде цифрлы білім беру ресурстарын – Bilimland.kz білім беру порталын толығымен қолдана алмайды, онлайн шараларды трансляциялауға мүмкіндік азайып, сонымен қатар Kundelik.kz электронды журналы мен Ұлттық білім беру деректер қорын уақытылы толтыруға қиындық туғызады. Сондықтан спутниктік байланыс арқылы Интернет желісіне қосылған мектептерде интернет жылдамдығын арттырып, трафикті 30 Гб-қа дейін көбейту қажет.

Облыс бойынша оқушыларда компьютерлер, ноутбуктер, планшеттердің болуы туралы ақпараттар жинақталды. Мектеп балансындағы 3155 компьютер (2554 оқушы, 601 педагогке ) уақытша қолдануға берілді. Дәл қазіргі уақытта облыс мектептерінде жұмыс жасайтын 14 148 мұғалімнің  100% электрондық ресурстары бар (компьютер, ноутбук, планшет, смартфон).

Сонымен қатар облыс тұрғындарына оқушыларды компьютерлер мен смартфондармен, интернетпен қамту бағытында үндеулер жарияланып, бұл бағыттағы жұмыстар  жалғасын табуда. Бүгінге дейін демеушілер есебінен 40 оқушы телеканалдарға, 310 оқушы ғаламторға ұялы байланыс провайдері арқылы қосылса, 52 оқушыға ноутбук пен планшеттер алынған.

Қазіргі таңда мұғалімдерге қашықтан оқытуға көшуге байланысты сабақты және ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру бағытында әдістемелік көмектер  берілуде. Мұғалімдерге  электрондық цифрлық платформаларды пайдалану бойынша әдістемелік көмектер берілді. 9750 оқытушы қамтылған 125 вебинар өткізілді.

Айта кетейік, елдегі төтенше жағдайға байланыс төртінші оқу тоқсаны қашықтан оқыту жүйесімен ұйымдастырылды. ҚР Білім және ғылым министрлігі оқушылар үшін қашықтан оқытуды түрлі форматта жүргізуді ұсынды.  Бірінші – «Еларна», «Балапан» телеарналарында және «Қазақ радиосы» толқынында сабақтар беріледі. Осы сабақтарды көріп болған соң, мұғалім оқушылармен түсіндірілген жаңа тақырыптар бойынша кері байланыс орнатады. Кері байланыста электрондық журнал болған жағдайда кеңес береді. Электрондық журнал болмаған жағдайда мұғалімдер өздерінің уақытша журналында оқушылардың оқу үлгерімдерін белгілеп отырады. Екінші – интернет платформалар арқылы. «Bilіm MediaGroup», «Күнделік», «Мектеп онлайн», «Дарын онлайн» интернет платформалары мұғалімдер мен оқушыларға тегін қызметтерін ұсынып отыр. Мұнда әр пән бойынша бірнеше мыңнан астам видео сабақтар орналастырылған. Осы ресурстарды пайдаланып, мұғалім оқушыларға тиісті тапсырмалар беріп, оқушылармен кері байланыс жасайды және  сабақтың қалай өткенін қорытындылап отырады. Сонымен қатар, ұялы байланыс телефондар мүмкіндігін пайдаланып ватсап, телеграмм басқа да чаттар, электрондық пошталар  арқылы оқыту ұйымдастырылады. Үшінші- алдын ала дайындалған сабақ жоспары арқылы қағаз тасымалдағышта жүргізіледі (пошта бөлімшелері немесе қолма-қол).

«Дене шынықтыру», «Өзін-өзі тану, «Көркем еңбек», «Музыка», «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау» пәндері бойынша қашықтан сабақтар өткізіледі, ал мұғалімдер тиісінше сабақтарын жүргізетін болады.

ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан  ҰБТ өткізу қосымша хабарланатын болады. Ал қорытынды атестаттау 9,11 сыныптарда өткізілмейді.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
234 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
343 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
589 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
855 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1083 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1120 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1272 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1466 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1697 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1785 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1897 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1904 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1936 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1936 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
2041 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2261 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»