8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Наурыз 2019 2563 0
Спорт

«ДАЛА ҚАРЛЫ БОЛСА, ЖАЗДА НӘРЛІ БОЛАДЫ»

Ұзақ уақыт қонақ болған қыс айларын биыл Жайық жұрты тамаша өткізді. Тоғайдың тылсым күшінен қуат алып, салауатты өмір салтын ұстанған оралдықтарға өз басым ризамын! Биыл БҚО әкімі Алтай Сейдірұлының бастамасымен оралдықтар бірнеше рет көпшілік шаңғы тебу шарасына белсене қатысып, қыс айларының әр сәтін мағыналы әрі тамаша өткізді.

 

Бүгінде көктемнің шуағы шұғыласын төксе де орманда омбы қар əлі жатыр. «Үш ай тоқсан» атанған кəрі құдаң қысты Жайығым жібергісі келмейтіндей. Көшеде жер жібігенмен, тоғайдағы күртік қардың мұртын балта шабар емес əзірге. Қыс бойы қызыл шұнақ аязға беттерін сүйгізіп шаңғы тепкен достарым, жерлестерім тоғайдың мөлдір ауасымен әлі күнге тыныстап жүр. Қыс қызығына тоймаған балақайлар да қардан əдемі ақ қала соғып қойыпты.

Бұйыртса, шаңғықұмар достарыммен қайта қауышуға жазғай Жаратқан! «Дала қарлы болса, жазда нəрлі болады» дейді. Табиғат-Ана ақ қарды тамырына тезірек сіңіріп, тасқынға – тосқауыл болғай. Егініміз жайқалып, ел-жұртым ақ нанға тойып, жадыраған көктем баршаңызға аппақ пейіл сыйлағай, ағайын!

Мира ХАМЗАҚЫЗЫ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
42 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
252 0
Құттықтаймыз!
Мемлекеттік наградалар табысталды
21 Сәуір 2026
590 0
Құттықтаймыз!
Жаңа кітаптың тұсауы кесіледі!
21 Сәуір 2026
307 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»