ДАҢҚТЫ ГЕНЕРАЛМЕН ҚОШТАСТЫ…
Желтоқсанның 27-сі күні Алматы-Нұрсұлтан бағытындағы БекЭйр ұшағы таңғы сағат 7.05-те Алматы маңындағы Қызылту ауылында жерге құлаған болатын. Ұшақ бортында 95 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Апатты жағдайдан 14 жолаушы қаза тапса, 66 адам жарақаттанды. Соның ішінде 12-сі ауыр халде жатыр. Қаза тапқандар ішінде Қазақстанның генералдар кеңесінің төрағасы Рүстем Есімханұлы Қайдаров та бар еді… Кеше «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің ұжымы Алматыда Bek Air ұшағының апатқа ұшырауынан қаза тапқан Қазақстан генералдар кеңесінің төрағасы Рүстем Қайдаровпен қоштасты.

Университет ұжымы Қайдаровты бір минут үнсіздікпен еске алды. «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің ректораты атынан сөз алған профессор Әліби Баяхов: – «Құқықтану» кафедрасының профессоры, данқты генерал-майор, «Парасат» Орденің иегері, «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігі президумының төрағасы Қайдаров Рустем Есімханұлын атық сапарға шығарып салудамыз. К өненің көзін көрген, ескінің сөзін білген, өзіміз арқа тұтып жүрген атпал азамат, асыл ағамыздың қайғысы баршамызға ауыр тиді. Ағамыз еліміз егемендік алған жылдары көп еңбек сіңірді. Әсіресе, құқық қорғау саласының басы-қасында өзі болып, көптеген заңның қалыпқа келуіне атсалысты. Ағамыз киелі Семей өңірінде дүниеге келіп, еңбек жолын туған қаласында қарапайым жұмысшыдан бастаған, яғни Семей облыстық атқару комитетінің ІІБ-нің тергеуші, аға тергеуші, ІІБ-нің басшысының орынбасары, Қазақ және Қырғыз КСР ІІМ-нің ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аймақаралық басқармасының басшысы, ҚР ІІМ-нің тергеу жөніндегі орынбасары лауазымына дейінгі аса жауапты сатыларды үлкен абыроймен атқарды. Ағамыз нағыз генерал болып дүниеден өтті. Жаны жәннатта, иманы саламат болсын! Қош бол, ардақты аға!
– дей келіп, 2015 жылдан бері «Құқықтану» кафедрасының професоры болып қызметке кіріскеннен бастап, университеттің заңгерлерін дайындап, теориялық білімдерін тәжірибелік бағытта ұштастыру үшін «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы Ақсерік Әйтімовпен бірлесе отырып, криминалистикалық орталық ашуға идея ұсынғанын, қазіргі уақытта оқу орнында Рүстем Кайдаров атындағы криминалистикалық орталық жұмыс жасайтынын атап өтті.
Профессор Р.Қайдаров дәрістері кезінде студенттерді отансүйгіштікке, ұлжандылыққа баулып, ішкі істер саласының дамуына, құқық қорғау жүйесін қалыстастыруға, мемлекет мүддесі жолында адал қызмет атқаруға үйреткен. Қазіргі таңда 30-ға жуық ғылыми мақалалары жарық көріп, криминология пәні бойынша алғашқы оқу құралын жазып, жариялаған.
80 жасқа таяған шағында өмірден озған Рүстем Қайдаров құқық қорғау органдарындағы қызметін 60-жылдары бастаған және көп ұзамай Қазақ және Қырғыз КСР қылмыс әлемінің үрейіне айналған. Оған Қазақ КСР ІІМ-нің үздік тергеушісі атағы берілген. Әріптестері Қайдаровты өте бірбеткей, сатылмайтын қызметкер ретінде еске алады.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Қайдаров Рүстем Есімханұлы Әділет генерал-майоры. КСРО Ішкі істер министрлігінің құрметті қызметкері, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрметті ардагері. Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының толық корреспондент-мүшесі;
Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, профессор, «Жалпы кеңес» қоғамдық кеңесі төралқасының төрағасы, Халықаралық экологиялық палатаның құрметті профессоры.
1940 жылы 18 мамырда Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Бесқарағай ауданының Сосновка ауылында дүниеге келген.
С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.
1964-66 жылдары Семей облысының № 197 кәсіптік мектеп директорының орынбасары болды.
1966–76 жылдары тергеуші, аға тергеуші, Семей қаласының полиция басшысының орынбасары, Семей қаласының Киров полиция бөлімінің басшысы, Семей облысы Ішкі істер департаменті тергеу басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
1976–85 жылдары Семей облыстық партия комитетінің және Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің нұсқаушысы, Семей облыстық атқару комитеті Ішкі істер басқармасы басшысының бірінші орынбасары болды.
1985–92 жылдары Жезқазған облыстық атқару комитеті Ішкі істер басқармасының басшысы, Қазақ және Қырғыз КСР-де Ұйымдасқан қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі КСРО ІІМ Алтыншы аймақаралық дирекциясының басшысы қызметін атқарды.
1992–95 жылдары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды.
1995–96 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тергеу комитеті төрағасының бірінші орынбасары.
1996–99 жылдары ҚазГЗУ сот-медициналық және криминалистика кафедрасының меңгерушісі, Ұйымдасқан қылмысқа, сыбайлас жемқорлыққа және контрабандаға қарсы күресті насихаттау қорының президентіболды.
1999 – 2010 жж – Президент, «Қорғау» жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ басқарма төрағасы қызметінде болды.
2001 жылдан бастап «Генералдар Кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігіне жетекшілік етті.
20-дан астам ғылыми мақалалар мен оқу құралдарының авторы. Қазақ КСР Қылмыстық іс жүргізу кодексіне түсініктеме авторларының бірі. Ол ТМД Парламентаралық Ассамблеясында (Санкт-Петербург) бірқатар модельдік кодекстерді әзірлеу бойынша Қазақстан Республикасы парламентінің жұмыс тобының мүшесі болды.
Есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі БҰҰ Комиссиясының 39-сессиясында Қазақстан Республикасы Үкіметінің делегациясын басқарды (Вена, Австрия, 1996 ж.). Минск конвенциясын әзірлеу жөніндегі Қазақстан Республикасы делегациясының басшысы болды. Қазақстан Республикасының «Бірыңғай ақпараттық кеңістік туралы» Заңының авторларының бірі.
Жұбайы Аймен Жексембайқызы – педагогика ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры. Олардың ұлы мен қызы, үш немересі бар.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу