8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
31 Қаңтар 2020 2277 0
Қоғам

ДӘУЛЕТКЕРЕЙ ОРКЕСТРІ 20 ЖЫЛДЫҚҚА 20 КОНЦЕРТ ҰСЫНАДЫ

Күйші-композитор Дәулеткерей Шығайұлының 200 жылдығына орай Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияда жыл тақтасы ашылды.

Биыл күй өнеріндегі лирикалық бағыттың негізін салушы Дәулеткерейдің туғанына – 200 жыл. Облыстық филармонияда күйші атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің құрылғанына – 20 жыл. Атаулы қос мерейтойға орай Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония Дәулеткерейдің шығармаларын кеңірек насихаттауды қолға алмақ. Күйшінің жаңа шығармаларын жинақтау, нотаға түсіріп, партитура ретінде шығару жоспарда. Сондай-ақ оркестрдің 20 жылдығына орай «20 жылдыққа – 20 концерт» атты ауқымды жобаны жүзеге асырмақ. Бұл жоба аясындағы оркестрдің концерттік бағдарламалары өңір аудандарында және көршілес облыстарда өтетін болады. Алғашқы концерт күні кеше оралдықтардың назарына ұсынылды.

Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің бас дирижері және көркемдік жетекшісі, «Құрмет» орденінің иегері, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, мәдениет саласының үздігі Еркін Нұрымбетовтың мәліметінше, оркестр 2000 жылы құрылған. Қазір құрамында 50 шақты музыка маманы жұмыс жасайды. Олардың басым көпшілігі түрлі халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаттары. 20 жылдың ішінде оркестр көптеген қазақ және шетел композиторларының күрделі шығармаларын музыка аспаптарына түсірді. Бүгінде репертуарда 1000 шақты шығарма бар екен. Олардың 16-сы Дәулеткерей Шығайұлының туындылары.

Көптеген деректерде қазақтың әйгілі күйші композиторы, төре күйлерінің негізін қалыптастырушы Дәулеткерей Шығайұлының 1820 жылдың шамасында қазіргі Орал облысының Орда ауданында дүниеге келді деп жазлыған. Десек те, нақты туған жылы ертерек. Бұл жөнінде Тихон Әліпқали күйшінің алғашқы жерленген Қарамолла жеріндегі құлпытасында 1814 жыл деп анық көрсетілгенін жеткізді.  1991 жылдың шамасында арнайы барған адамдар құлпытасты оқытып, суретке түсіріп, сол кезде баспасөз беттеріне жариялап жазған. Алайда, Дәулеткерейдің сүйегін Ордаға ауыстырып, қайта жерлегенде бұрынғы құлпытасы сақталмай қалған көрінеді.

Бұл әрине, зерттеуді қажет ететін мәселе. Дегенмен, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің бас дирижері Қырымгерей Қажымов күйшінің туған жылына қатысты дәлелді дерек нақтыланса, оркестрдің атынан сүйіншісін беруге дайын екенін жеткізді.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
76 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
246 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
434 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
683 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
761 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
866 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
874 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
895 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
912 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1012 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1235 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
1551 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
1434 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
1543 0
Қалалықтар қаперіне
Жеті мыңдай адам эвакуацияланды
05 Сәуір 2024
1532 0
Мезгіл мәселесі
Президент өңірімізге келді
04 Сәуір 2024
1663 0
Қалалықтар қаперіне
«Ресейден су келе жатыр…» дейді мамандар
04 Сәуір 2024
1709 0
Қоғам
Тасқынға тойтарыс береміз!
04 Сәуір 2024
1655 0
Қалалықтар қаперіне
Қарғынға қарсы қамданыс күшейді
04 Сәуір 2024
1664 0
Қалалықтар қаперіне
Биыл елімізде әскери шеру өткізілмейді
03 Сәуір 2024
1770 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»