8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Қараша 2020 1739 0
Жалын

ДӘСТҮР МЕН ЗИЯТ ТОҒЫСТЫ

Бүгін тоғызқұмалақтан Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары арасындағы желілік спартакиада  жеңімпаздары анықталды. Алғаш рет ежелгі ойынның жанкүйерлері өз қарсыластарымен онлайн форматта, PlayOk платформасында кездесті.

– Төрт мың жылдық тарихы бар бірегей ұлттық ойын шығармашылық пен логиканы дамытады, сол себепті де ол оқушыларымыздың арасында кеңінен танымал. Ойынға қызығушылық таныту – өз халқының тарихы мен мәдениетіне жақындай түсу, – деді ойын алдында қатысушыларды құттықтаған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова.

Спартакиада нәтижесінде жоғары сынып оқушылары арасында 12-сынып оқушысы Бекарыс Жортабаев чемпион атанса, орта топта 8-сынып оқушысы Абылай Мәметан екінші орынды иемденді,  ал 7-сынып оқушысы Санида Нұрсәлім қыздар арасындағы сында үздік үштікке кірді. Осылайша, оралдық құрама 7-9 және 10-12-сынып оқушылары арасындағы сында жалпыкомандалық есепте екінші орыннан көрінді.

– Әр ұлттың өзінің зияткерлік ойыны бар. Мәселен, орыстардың дойбысы, африкалықтардың манкаласы, шығыс халықтарының госы. Біздің тоғызқұмалақ осы ойындардан талдауды қажет ететін күрделігімен ерекшеленеді, – дейді тоғызқұмалақтан үйірме жетекшісі Қанапия Қаяпбергенов.

Оқушылардың  тоғызқұмалаққа деген қызығушылықтары жыл сайын артып келеді, оған  ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді қайта жаңғыртуға арналған жобалар NIS әлеуметтік жобалары қатарында сұранысқа ие екені дәлел.

Айта кетейік, оралдық тоғызқұмалақшылар сонымен қатар республикалық чемпионаттарда өңір намысын қорғап жүр.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
46 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
106 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
142 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
407 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
427 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»