ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ОРТАША ЕҢБЕКАҚЫСЫ 500 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН ЖЕТЕДІ
Дәрігерлердің орташа еңбекақысы елдегі орташа еңбекақыдан 2,5 есе көп болуы керек. ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жедел жәрдем жасақтары мен стационарлық қабылдау бөлімдерінің арасындағы IV республикалық жарыстың ашылуында осылай мәлім етті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда елдегі медицина қызметкерлерінің орташа еңбекақысы 240 мың теңге көлемінде. Бірақ бұл сала мамандарының көбі осынша мөлшерде жалақы алып жүр деген сөз емес.
«Біз маусым айында ғана медицина қызметкерлерінің еңбекақысын өсірдік. Оның ішінде жедел жәрдем өкілдері де бар. Министрлік оны барлығы алғанын қадағалау үшін жағдайға мониторинг жүргізіп отыр. Бұл іске әкімдіктер мен кәсіподақты да тарттық. Еңбекке сай жалақы болуы маңызды. Орташа еңбекақы ең жоғарғы айлық пен ең төменгінің арасынан алынатынын ұмытпау керек. Бізде бұл көрсеткіш 240 мың теңге мөлшерінде. Ал саладағы еңбек өтілі мен санаты төмен мамандардың көбі 120-140 мың теңге алып жүр. Көршілес Ресейде дәрігерлердің орташа еңбекақысы бізден 2 есе артық. Сондықтан да мамандар бізде тұрақтамай жатыр»,- деді Елжан Біртанов.
Ол сондай-ақ, алдағы бес жылда дәрігерлердің еңбекақысын көтеру жоспарланып отырғанын айтады. «Дәрігерлердің еңбекақысын көтеру бойынша нақты қадам жасалып жатыр. 2025 жылға қарай медицина қызметкерлерінің орташа еңбекақысы 500 мың теңге болуы тиіс. Біздің ойымызша, медицина қызметкерлерінің орташа еңбекақысы елдегі орташа еңбекақыдан 2,5 есе артық болуы керек. Осы кезде ғана мамандар тұрақтап, ынтамен жұмыс істейтін болады. Өйткені, дәрігер нақты жұмысқа кірісу үшін 10 жыл көлемінде оқиды. Жұмысқа кірісе салып өз бетімен күрделі шешімдер қабылдауы керек. Мұны өзге мамандықтармен салыстыруға болмайды. Біз әлемнің өзгеелдеріндегі жағдайды ескере отырып осындай ойға келдік», – деді Елжан Біртанов. Министрдің айтуынша, осыған қарамастан Қазақстанда жедел жәрдем қызметі беделді мамандықтардың бірі саналады.
Еске салсақ, ҚР Денсаулық министрі Елжан Біртанов алдағы екі жылда жедел жәрдем қызметіне 800 жаңа көлік берілетінін айтқан болатын.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу