8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Қараша 2020 1162 0
Өзек

ДӨҢГЕЛЕКТЕРДІ ҰРЛАП, САТЫП ЖІБЕРГЕН

 15 қарашада Орал қаласының Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері қазан айынан осы күнге дейін ұрлыққа жол берген күдіктіні құрықтады. 7 рет ұрлық жасаған күдіктінің жеке бас деректері анықталды және бұған дейін қылмыстық істерге жауапқа тартылып, заң алдында жауапталғаны анықталды.

1982 жылғы, еш жерде жұмыс жасамайтын, «Строитель» ықшам ауданының тұрғыны С. есімді тұлға кезекті ұрлық үстінде ұсталды.

4 қарашада күндізгі сағат 10.00 мен 15.00 аралығында «Солтүстік- Шығыс» ауданындағы көп қабатты жәйлі пәтерлі үй жертөлесінің есігін бұзып кірген. Жертөледен 1987 жылғы М. есімді азаматқа тиесілі «Кордиан Сноу Кросс-2» маркалы су жаңа 4 қысқы тікенекті дөңгелектерді ұрлаған. Дөңгелектердің иесіне 65 мың теңге материалдық шығын келді. Құрықталған күдікті бұл дөңгелектерді өзгеге сатып үлгерген. Сатып алған адам да басқармаға жеткізіліп, түсініктеме берді. Дөңгелектерді ұрлауымен қоса аңшылық пен балық аулауға қажетті құралдарды үптеп отырған. Полиция қызметкерлерінің алдына келген күдікті ұрлаған жеке мүліктердің көпшілігін сатып, ақшаны өз қажеттеріне жаратқанын айтты. Заттардың қайсыбірі ғана біртіндеп өз иелеріне қайтарылуда.

Бүгінгі күні Орал қаласының Полиция басқармасында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына сай 7 эпизодты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
42 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
92 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
54 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
279 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»