8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Тамыз 2021 5626 0
Дені сау ұлт

БЖТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ ҚАНША?

Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілгеннен бері бір жарым жыл өтті. Бірақ бізді әлі күнге дейін «БЖТ не береді?», «Егер БЖТ төлейтін болсаң, қандай қызмет көлемі қолжетімді?», «Сақтандырылған адам болу үшін БЖТ тек үш айға ғана төлеуге бола ма?» деген сұрақтарға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Нұржамал Жұмағұлова түсінік берді.

БЖТ дегеніміз не?

Бұл бірыңғай жиынтық төлем немесе бейресми жұмыспен қамтылған қызметті салық органдарында тіркеудің оңайлатылған тәртібі. Яғни, сізге ЖК ретінде тіркелудің және декларация тапсырудың қажеті жоқ. Сізге бар болғаны, айына бір рет БЖТ төлеу керек.

2021 жылы бұл төлемнің мөлшері төмендегідей:

– Республикалық маңызы бар қалаларда және облыстық маңызы бар қалаларда тұратын жеке тұлғалар үшін – 1 АЕК немесе 2 917 теңге;

– Басқа елді мекендерде тұратын жеке тұлғалар үшін – 0,5 АЕК немесе  1 458,5 теңге.

Бұл сома «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ-да келесі пропорцияда бөлінеді:

% – жеке табыс салығы (ЖТС);

% – әлеуметтік аударымдар (ӘА);

% – міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ);

% – міндетті медициналық сақтандыруға аударымдар (МӘМС).

Егер БЖТ төлесеңіз, қандай қызметтер қол жетімді?

БЖТ төлеуші барлық басқа төлеушілер сияқты сақтандырылған азамат.

МӘМС пакетіндегі медициналық қызметтер тізбесі медициналық сақтандыру қорына жарналардың мөлшеріне қарамастан барлығына бірдей қолданылады.

Сақтандырылған адам болу үшін БЖТ тек үш ай ғана төлеуге бола ма?

Иә. Бірақ МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесін сақтап қалу үшін БЖТ-ны ай сайын төлеуді жалғастыру қажет.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Әлем жаңалықтары
В ОАЭ запретили соцсети для детей младше 15 лет
19 Маусым 2026
60 0
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
147 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
202 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
264 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
297 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
342 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»