ҰБТ ҚАЛАЙ ӨТЕДІ?
Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнар Сәрсенғалиева Ұлттыұ бірыңғай тестілеудің өткізілуі мен талапкерлердің оқуға түсу кезінде қойылатын талаптар туралы айтып берді.

– Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу уақыты маусымның аяғы мен шілденің басы болғандықтан бүгінгі таңда ҰБТ форматын бұрынғыдай қалдыру ұйғарылған болатын. Ағымдағы жылғы 10 мамырда сағат 24.00-де ҰБТ базасына тіркеу аяқталды, 20 мамырдан кейін тестілеуге қатысушылардың жеке кабинеттерінде рұқсат қағаздарын ала алады. Ұлттық тестілеу орталығының сайтында сынама тестілердің 70 нұсқасы жарияланды. Әрбір мектеп бітірушінің аталған тестілерді ақысыз тапсыру мүмкіндігі болды. ҰБТ тапсырмаларында 4-тоқсан тақырыптары бойынша сұрақтар жоқ, – деді Гүлнар Сәрсенғалиева.
Сондай-ақ биыл ҰБТ-ға өзгерістер еніп отыр. Нақтырақ айтқанда, «Педагогикалық ғылымдар» саласы бойынша межелі балл барлық жоғары оқу орындары үшін 60-тан 70-ке дейін өсті; екіншіден, білім гранты бойынша және ақылы негізде оқуға түсу үшін білім салалары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен білім беру салалары бойынша қосымша емтихандар енгізілді; үшіншіден, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары білім салалары бойынша ҰБТ-ң межелі баллын бекітеді; төртіншіден, SAT, ACT және IB халықаралық стандартталған тестілерді баллға ауыстыру шкаласы енгізілді. SAT, ACT халықаралық стандартталған тестілердің және IB халықаралық бакалавриат бағдарламасының сертификат иелері тестілеуден босатылады; бесіншіден, межелі баллды ала алмаған және бірінші академиялық кезең аяқталғанға дейін ақылы бөлімге қабылданған тұлғалар ҰБТ-ді бір жылдың ішінде қайта тапсыра алады. Сондай-ақ ҰБТ қорытындысы бойынша қатысушыларға электрондық сертификат берілетін болады, сертификат Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланады.
ҰБТ кезіндегі оқуға түсушілердің жауапкершілігі де күшейтіліп отыр. Егерде оқуға түсушілердің арасынан ғимаратқа кірер алдында ҰБТ кезінде пайлануға тыйым салынған заттар мен өздерінің орнына басқа бір адамды жіберу фактісі орын алса, ондай тұлғалар тестілеуге және осы жылғы тестілеуге жіберілмейді. Сонымен қатар ҰБТ өткізілгеннен кейін бейнебақылау камераларындағы жазбалалар зерделенеді. Егерде бейнежазбаларда оқуға түсушілерден ҰБТ кезінде қолдануға тыйым салынған заттардың біреуі анықталған болса, білім грантын тағайындау бойынша конкурстың нәтижелері ҚР БҒМ бұйрығымен немесе жергілікті атқарушы органның қаулысымен жойылатын болады.
Санитарлық эпидемиялық талаптар және қорғау шаралары күшейтіледі. Яғни арақашықтықты сақтау мақсатында тест тапсырушылырдың саны 1 аудиторияда 50% қысқарады.
– Жеке тұлғаны электрондық түрде сәйкестендіру жолы қарастырылуда. Бұл жағдайда қағаз түрінде рұқсатнама қажет болмайды. ҰБТ өткізу пункттері санитайзерлермен қамтамасыз етілуі тиіс және қатысуышларға маскалар беріледі. Тестіленушілер саны азайтылғандықтан лектер саны көбейтілуде. Аппеляция тесттен кейінгі келесі күні өтетін болады, – деп түсіндірді Гүлнар Ақмырзақызы.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу