13 Мамыр 2019 1613 0
Қалалықтар қаперінеҰБТ-ға ҚАТЫСУҒА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ АЯҚТАЛДЫ

Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініштерді қабылдау аяқталды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында хабарланды.
Ақпаратқа сәйкес, 1 сәуір мен 10 мамыр аралығында ҰБТ-ға өтінімдер келесі қатысушылардан қабылданды: – қалауы бойынша республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім грантын беру конкурсына қатысу үшін немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін немесе республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқу үшін орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілерінен; – республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілерінен; – республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім грантын беру конкурсына қатысу үшін жоғары білімнің қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім ұйымдарының бітірушілерінен. Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, 10 мамыр мен 5 маусым аралығында ҰБТ-ға өтініштер қабылдау жалғасады. Бірақ құжаттарды келесі санаттағы бітірушілер ғана тапсыра алады: – республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім грантын беру конкурсына қатысу үшін немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ азаматтар. Айта кетейік, ҰБТ 2019 жылғы 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді. Маусым айындағы ҰБТ сертификаты білім беру грантын беру конкурсына қатысуға немесе жоғары оқу орнына ақылы негізде қабылдануға мүмкіндік береді. Өтініштер ҰБТ өткізу пункттерінде және желілік жоғары оқу орындарында қабылданады. Ағылшын тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттары бар тұлғалар «Шет тілі (ағылшын тілі)» пәні бойынша ҰБТ-дан босатылады. «2019 жылдан бастап білім гранттары білім беру бағдарламаларының топтары бойынша берілетін болады. Білім беру бағдарламаларының тобына бірнеше бағдарлама кіреді. Жоғары оқу орнына қабылдау кезінде оқуға түсушілер одан әрі оқу үшін нақты білім беру бағдарламасын таңдайды. Түсушілердің білім беру гранттарын беру конкурсы кезінде бейіндік пәндері сәйкес келген жағдайда 4 білім бағдарламасы топтарына дейін таңдауға мүмкіндігі бар», – делінген орталық мәліметінде.
Версия для печати
https://www.inform.kz/kz/ubt-ga-katysuga-kuzhattardy-kabyldau-ayaktaldy_a3525507
Соңғы жаңалықтар
Заң және тәртіп
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
19 Қыркүйек 2026
138 0
Таза Қазақстан
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
19 Қыркүйек 2026
138 0
Өңір жаңалықтары
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
17 Қыркүйек 2026
242 0
Без рубрики
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
17 Қыркүйек 2026
215 0
Жаңалықтар
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
17 Қыркүйек 2026
221 0
Жасанды интеллект
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
16 Қыркүйек 2026
246 0
Заң және тәртіп
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
16 Қыркүйек 2026
221 0
Өңір жаңалықтары
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
16 Қыркүйек 2026
217 0
Без рубрики
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
14 Қыркүйек 2026
252 0
Без рубрики
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
14 Қыркүйек 2026
362 0
Без рубрики
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
14 Қыркүйек 2026
371 0
Без рубрики
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
14 Қыркүйек 2026
335 0
Өңір жаңалықтары
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
13 Қыркүйек 2026
371 0
Өңір жаңалықтары
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
13 Қыркүйек 2026
315 0
Өңір жаңалықтары
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
13 Қыркүйек 2026
410 0
Без рубрики
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
12 Қыркүйек 2026
443 0
Toqaev2026
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
11 Қыркүйек 2026
428 0

Кіру
Пікір үстеу