8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Наурыз 2020 1391 0
Қоғам

БОЗБАЛАЛАР ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ

Еліміздің Қарулы күштерінің қатары көктемгі науқанда 200-ден аса оралдық жалынды жауынгерлермен толықпақ. Бүгін қаладағы «Жастар» Мәдениет үйінде болашақ сарбаздардың алғашқы легін салтанатты түрде әскерге шығарып салу рәсімі өтті. Салтанатты шараға  жас жауынгерлердің ата-аналары, туған-туыстары, қатар-құрбылары жиналды.

         

             Салтанатты шараны ашқан Орал қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов:  –  Баршаңызды еліміз үшін маңызды мереке қарсаңында көктемгі әскерге шақыру компаниясының басталуымен құттықтаймын. Отанға қызмет ету – әр азаматтың парызы. Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен ата-бабамыз осынау ұлан-ғайыр алқапты келешек ұрпағына қалдырды. Батыр бабаларымыз  асқақ рухымен, өшпес қайсарлығымен қасық қаны қалғанша шекарамызды қорғады. Бүгін-ертең алыс сапарға аттанғалы отырған азаматтарға ақ жол тілейміз. Осы жерде колледж студенттері, яғни болашақ сарбаздар отыр. Сіздер  де алдағы уақытта кәмелетке толып, аяқтарыңнан нық тұрып ел қорғауға атсалысасыздар. Көктемгі әскерге шақыру науқанында 200-ден аса оралдық бозбала шекарамызды күзетуге аттанады деп күтілуде. Солардың алғашқы легі жолға шығады. Бұдан былай әскерге шығарып салу шарасы дәстүрлі түрде өтеді. Өйткені әр жастың тағдыры, ұзақ жолға шығуы – маңызды өмірлік қадам. Осындай қайсар ұлдарды тәрбиелеген ата-аналарға, ұстаздарға алғыс білдіреміз, – дей келіп,  жастарды қазақстандық патриотизмге  тәрбиелеуге  үлес қосқан жоғары, арнаулы оқу орындары  басшыларына қала әкімінің Алғыс хаттарын табыстады. Сондай-ақ  Отан алдындағы борышын өтеуге аттанғалы отырған жігіттерге арнайы сыйлықтар табыстады.

–  Сіздерге қарап қызығып отырмын. Мұндай сый-құрмет біздің кезімізде болған емес. 1979 жылы 18 жасымда сіздер секілді әскерге аттандым. Кеңес әскерінің жауынгерімін. Қазір  жасым 60-қа таяды. Тәуелсіз ел жастарына біз әрдайым сенеміз. Сырым атамыз «Қарадан хан болсаң, халқың қалаған болар, Айырдан нар болсаң, атаң жараған болар» деген. Сендердің де аталарың жарап тұр. Отан алдында қызмет етесіңдер. Ата-бабамыз бізге бейбіт өмір сыйлады. Болашақта елге қызмет етіңдер. Абыроймен оралыңдар, – деп ақжолтай тілегін арнады  «Ауған соғысы мүгедектері және ардагерлерінің Батыс Қазақстан облыстық қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Беркінғали Ғабделов.  Сол секілді  Қарулы Күштер ардагері, запастағы полковник  Мұратбек Сәрсенғалиев, «Ауған соғысы мүгедектері және ардагерлерінің Батыс Қазақстан облыстық қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасының орынбасары Анатолий Боровский жас буынды маңызды қадамдарымен құттықтап, шын көңілден сәт сапар тіледі.

Шараға болашақ сарбаздардың ата-аналары мен туыстары да қатысып,  есейіп кетсе де, өздері үшін әлі де бала көрінетін ұлдарын қимастықпен шығарып салды.  – Мен   Алмас Қуанаевтың атасымын. Кешегі кекілді бала кәмелетке толып, ержетті, міне енді әскерге бара жатыр.  Өзім де 1974-76 жылдары Кеңес әскерінің қатарында борышымды өтедім. Бізді ауылдық кеңестің қасынан жүк көлігіне тиеп ап, ауданға апарып түсірді, одан қалаға әкеп, казармаға қамады. Елу  жылда – ел жаңа. Қазір жастарды ерекше салтанатпен шығарып салуда. Бұл – Тәуелсіздіктің жемісі. Әскер сіздерді шыңдайды, өсіреді, – деді «тепсе темір үзетін» жігіттің атасы Дәулет Нығметов үлкен тебіреніспен.

Шара соңында Жастар мәдениет үйі өнерпаздары патриоттық әндер шырқап, жастарға ерекше сезім сыйлады.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

Алмас ҚУАНАЕВ, жас сарбаз:

– Осы күнді көптен күткен едім. Ақпанның он бірінде 18 жасқа толдым. Жоғары аграрлық-техникалық колледжінің 3-курсында оқимын. Енді академиялық үзіліс алып, Отан алдындағы борышымды өтеуге аттанып барамын. Теректі ауданы, Подстепный ауылында туып-өстім. Қазір қалада анам, қарындасым үшеуміз тұрамыз. Анам сұлулық салонында еңбек етеді.  Мені әскери сала жастайымнан қызықтыратын. Келешекте нағыз азамат болып, шыңдалып, осы салада қызмет еткім келеді.

Еламан ҚОСАЕВ, жас сарбаз:

– Орал политехникалық колледжін «Электромеханика» мамандығы бойынша жақында ғана тәмамдап, дипломымды қолыма алған едім. Өз еркіммен әскерге баруға ұсыныс білдірдім. Денсаулығымда кінәрат жоқ. Алматы қаласындағы шекара қызметінде әскери борышымды абыроймен өтеп қайтуға уәде етемін.  Кішкене толқу сезімі бар. Анам мен достарыма уайымдамаңыздар дегім келеді.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
Сабаздың рухын жаңғыртты!
11 Мамыр 2024
214 0
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
309 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
310 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
355 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
363 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
736 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
865 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
899 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
1173 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
1182 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
1312 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1610 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1708 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1733 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1942 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
2217 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»