8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Тамыз 2021 1255 0
Қоғам

БОТАНИКАЛЫҚ БАҚ ПАЙДА БОЛАДЫ

Инвестициялық жоба облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен өткен инвестицияларды тарту, инвестициялық ахуалды жақсарту және экспортты ілгерілету жөніндегі өңірлік кеңестің кезекті отырысында мақұлданды. 

Алдағы уақытта оралдықтар мен қала қонақтарына жайлы демалыс сыйлайтын жасыл желекке оранған жаңа ботаникалық бақ өсіріледі. Бұл бақты С.Исаев атындағы халықаралық экспериментальдық тәлімбақ жетекшісі Қайрат Кәрімов ашпақ. Ботаникалық бақ үшін Шолохов көшесіндегі айналма маңындағы бос жерден 11 гектар жер беріледі.

Жиында жоба авторы кеңес мүшелеріне болашақ бақты жан-жақты таныстырып өтті. Құны 400 млн. теңге тұратын жоба екі кезеңде жүзеге асырылады – 2026 жылға дейін бірінші кезеңі жоспарланған, 2031 жылы толықтай пайдалануға берілетін болады. Инвестордың сөзінше,10 жыл ішінде сирек кездесетін ағаштар мен бұталар бақшасын, дәрілік өсімдіктер, ресейлік коллекциялардың бағын, гүлзарлар, тоған мен көрме алаңын құру көзделіп отыр. Демалыс орындары, көгал, жолдар дайындалады.

– Қазақстан мен Ресейдің өңірлерінен ағаштар мен көшеттердің сирек кездесетін сұрыптарын әкеліп түптендіремін. Мәскеу мемлекеттік университетімен, Алматы және Нұр-Сұлтандағы ботаникалық бақтармен ынтымақтастық келісімшарты  жасалды. «Ясная поляна» Л.Толстой музейімен келісім жасалуда, олар маған Лев Толстой бағынан 15 байырғы сұрыпты бермек. Батырхан Шүкенов Алматының іргесінде отырғызған бақтан да бауыры Бауыржан Шүкенов ағаш түптерін беріп жібермек, – деді Қайрат Кәрімов.

Сондай-ақ бұл бақ жергілікті университеттер мен колледж студенттеріне ғылыми білім беруге пайдаланылмақ. Бұдан бөлек, халықаралық және республикалық конференциялар мен семинарлар өткізуге болады.

Облыс басшысы Ғали Есқалиев жоба коммерциялық мақсаттан гөрі, өңір тұрғындары үшін жайлы орта қалыптастыруда маңыздылығы басым екенін атап өтті.

– Кәсіпкерлердің осындай идеяларына қолдау көрсету қажет. Ботаникалық бақ батысқазақстандықтар мен қаламыздың қонақтары демалатын Оралдың ең әдемі жерлерінің бірі болмақ. Біздер саябақтар мен тынымбақтарды көбейтуіміз қажет, мұндай бақтар, әсіресе, жаңа шағынаудандарда және халқы жыл санап көбейіп келе жатқан Зачаганск кентінде сұранысқа ие, – деді өңір басшысы Ғали Есқалиев.

Инвестициялық жобаның құжаттарына қол қойылған соң, берілген аумақ қоршалады. Сонымен қатар болашақ ботаникалық бақ аумағына  инженерлік коммуникациялар тарту үшін облыстық бюджеттен қаражат бөлінуі тиіс.

Айта кетейік, Қайрат Кәрімов қала іргесінде С.Исаев атындағы халықаралық экспериментальдық коллекциялық тәлімбақты өз қаржысына құрған бағбан. Бұрынғы 5 гектарлық алма бағын алып, 2012 жылдан бері бақ өсірумен шұғылданып келеді. Қазір ол әйгілі ғалым-селекционер Мичуриннің тікелей шәкірті – Сергей Иванович Исаевтың ісін жалғастырып, алманың 200, жүзімнің 175 түрін өсіріп отыр.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Полиция қызметкерлері аялақтарды ұстады
20 Мамыр 2024
124 0
Қоғам
Қос ананың өмірін толғаған
20 Мамыр 2024
91 0
Қалалықтар қаперіне
Елді мекен тұрғындары баспанамен қамтылуда
17 Мамыр 2024
359 0
Қалалықтар қаперіне
Жедел-профилактикалық іс-шара өтуде
15 Мамыр 2024
550 0
Мәдениет
БҚАТУ-дың студенттік театры бар
15 Мамыр 2024
549 0
Мәдениет
Сабаздың рухын жаңғыртты!
11 Мамыр 2024
988 0
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
1060 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
1076 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
1094 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
1121 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
1488 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
1613 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
1642 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
1918 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
1930 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
2058 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
2350 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»