«БОМБА ҚОЙЫЛҒАНЫН» ХАБАРЛАҒАН ӘЙЕЛ ҰСТАЛДЫ
27 қаңтар күні сағат 14.00 шамасында Орал қаласы полиция басқармасы жедел басқару орталығының 102 басқару операторына әйел адам хабарласып, Абай полиция бөлімшесіне бомба қойылғаны туралы ақпарат қалдырған.

Оқиға орнына барлық жедел қызмет өкілдері барып, саперлардың тексеріп шыққан. Бірақ, ешқандай жарылғыш табылмады. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде БҚО ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жалған хабарлама жасаған әйелді анықтап, 1985 жылғы Орал қаласының тұрғынын ұстады.
Ұсталған азаматша қылмыстық процестік кодекстің 128-бабына сәйкес Орал қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
БҚО ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұсталған әйел бұған дейін осы сынды қылмыспен қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бірақ, нәтиже көрсеткендей, одан сабақ алмаған көрінеді.
Заңға сәйкес мұндай қылмыс жасаған азаматқа 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Не болмаса түзету жұмыстарына тартылуы немесе 5 жылға дейінгі мерзімде бостандығынан шектеу немесе сол мерзімдегі бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
«Жайық үні»
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді

Кіру
Пікір үстеу