8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Сәуір 2019 1572 0
Қоғам

БИЗНЕС-ПРОЦЕСТЕРДІ ТРАНФОРМАЦИЯЛАУ ТӘСІЛДЕРІ АЙТЫЛДЫ

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифингте Агенттік Аппаратының Басшысы Саян Ахметжанов талқылау және шешім қабылдау тетіктерімен байланысты бизнес-процестерді трансформациялау тәсілдері туралы хабарлады.

– Жыл басында қоғаммен диалог тұжырымдамасына негізделген Агенттік алқа отырысының жаңа форматы табысты сынақтан өтті. Сарапшылар, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер тікелей эфирде мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат саласындағы проблемаларды талқылады. Келесі қадам ретінде Агенттік «жоғарыдан-төменге» бір жақты шешім қабылдауға негізделген апта сайынғы аппараттық кеңестердің стандартты регламенттелген нысанынан стратегиялық сессиялар форматына, яғни жаңа идеяларды әзірлеуді ынталандыратын көлденең диалогқа көшті, – деді спикер.

Тақырыптар енді Агенттіктің стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін ескере отырып, барлық құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметімен байланыстыра отырып анықталады.

Жұмыс тақырыптардың стратегиялық және инновациялық бағыты, Агенттіктің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюроның олардың аумақтық бөлімшелері мен Агенттіктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының барлық қызметкерлерін талқылауға барынша тарту, осы алаңды нақты шешімдерді әзірлеу және жылдам нәтижелерге қол жеткізу үшін пайдалану тәсілдері бойынша ұйымдастырылады.

Ұжымның пікірін есепке алу, бастаманы көрсету үшін жағдай жасау мақсатында ұжымның әрбір мүшесі Ақпараттық жүйелер арқылы жүргізілетін сауалнамалар сияқты кері байланыс тетіктерін енгізеді. Құрылымдық және аумақтық бөлімшелерден, ведомстволық бағынысты ұйымдардан келіп түскен ұсыныстар стратегиялық сессияларда талқыланады. Стратегиялық сессиялардың форматы Агенттік жұмысында формализм мен бюрократияны алып тастады, ашықтық пен стратегиялық ойлауды, креативтілік пен бастамашылдықты қамтамасыз етті.

Агенттік кәсіби-стратегиялық мемлекеттік аппараттың дамуын қамтамасыз ететін уәкілетті орган бола отырып, одан әрі де ынтымақтастықтың жаңа мәдениетін енгізетін және барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілердің көлденең өзара іс-қимылының алдыңғы қатарлы нысандарын тарататын болады. Бірінші стратегиялық сессияда Агенттіктің миссиясы мен құндылықтары, басшылардың және қызметкерлердің Агенттіктің негізгі мақсаттары мен құндылықтарын түсінуі талқыланды, бөлімшелердің өзара іс-қимыл мәселелері қаралмақ.

Бүгінде мемлекеттік қызметтің алдыңғы қатарлы жүйесі бар мемлекеттердің тәжірибесі зертелді (АҚШ, Ұлыбритания, Сингапур, БАЭ). Агенттік миссиясының алдын ала редакциясы әзірленді, ол «Біз халықтың сенімі мен әл-ауқатына негізделген мемлекеттік қызметті дамытамыз» деп аталады.

Бұдан басқа, интерактивті сауалнама әдісімен әр қызметкерден алынған Агенттіктің құндылықтарын анықтау бойынша ұсыныстар қаралды. Ұсынылған құндылықтар нұсқаларының ішінде «ашықтық», «парасаттылық», «креативтілік», «тиімділік» және «транспаренттілік» басым болады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қоғам
Болашақты болжайтын карта
28 Наурыз 2024
47 0
Мезгіл мәселесі
Тасқын толастар емес!
28 Наурыз 2024
69 0
Мезгіл мәселесі
Жағдай мәз емес!..
28 Наурыз 2024
76 0
Мезгіл мәселесі
Арық салуға қомақты қаражат керек
27 Наурыз 2024
163 0
Қалалықтар қаперіне
Арнайы комиссия құрылады
27 Наурыз 2024
157 0
Мезгіл мәселесі
Тасқынның мән-жайын түсіндірді
27 Наурыз 2024
165 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды
26 Наурыз 2024
248 0
Табиғат
Экологиялық акциялар өтті
24 Наурыз 2024
506 0
Мереке
Жыл басы күнін атап өтті
23 Наурыз 2024
697 0
Құттықтаймыз!
80 отбасы баспаналы болды
21 Наурыз 2024
828 0
Мереке
Балаларға базарлық берілді
21 Наурыз 2024
838 0
Мереке
Жаңару күнін тойлады
20 Наурыз 2024
913 0
Қалалықтар қаперіне
«Ұршық пати» көрмесі өтті
16 Наурыз 2024
1316 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысының атынан ауызашар берілді
16 Наурыз 2024
1332 0
Табиғат
Салаладағы мәселелер талқыланды
15 Наурыз 2024
1410 0
Қалалықтар қаперіне
Жайық жұртымен кездесті
14 Наурыз 2024
1498 0
Білім
Дубналықтар КазИИТУ-ға келді
12 Наурыз 2024
1704 0
Қалалықтар қаперіне
Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары!
12 Наурыз 2024
1703 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»