8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Сәуір 2021 914 0
Қоғам

БИЫЛ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА 30,2 ШАҚЫРЫМ ИНЖЕНЕРЛІК ЖЕЛІ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

 Бұл туралы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаурашылығы басқармасы мәлім етті.

 

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте басқарма басшысының орынбасары  Б.Мусин сала бойынш өткен жылы атқарылған және биылға жоспарланған жұмыстармен бөлісті.

Спикер мәлім еткендей, Орал қаласында жалпы ұзындығы 225 шақырым жылу, 442 шақырым су, 362 шақырым кәріз және Ақсай қаласы бойынша 57 шақырым жылу, 174 шақырым су, 52 шақырым кәріз желілері бар. Бұл желілердің үлкен бөлігінің тозуына байланысты 2020 жылы әр түрлі қаржыландыру көздері есебінен бірнеше жобалар жүзеге асырылып, нәтижесінде 32 шақырым инженерлік желілер жаңартылды. Оның ішінде: 7 шақырым су құбыры, 20 шақырым кәріз, 5 шақырым жылу желілері жөнделіп, қайта жаңғыртылды.

 

Ал биыл қаржыландырудың барлық көздері есебінен 30,2 шақырым инженерлік желілерді, оның ішінде 15 шақырым су құбырын, 9,3 шақырым кәрізді және 5,9 шақырым жылумен жабдықтауды жөндеу және қайта жаңарту жоспарлануда.

– Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде су бұру желілерін қайта жаңарту бойынша 2021 жылға ауыспалы жобалар іске асырылады. Бұл жобаларға Орал қаласының солтүстік-шығыс бөлігіндегі «ККС -19А қайта жаңғырту  және КСС 19а-дан КОС қабылдау камерасына дейін су бұру желілерін қайта жаңарту» жобасына сәйкес биыл 5,4 км су бұру желілерін қайта құрылымдауды жоспарланып отыр. Нысан 2022 жылға ауыспалы. Осы жоба аяқталғаннан кейін Орал қаласының солтүстік-шығыс бөлігінде тұрақты және жайлы тұру қамтамасыз етіледі.  Сондай-ақ «Орал қаласының айналма кәріздік коллекторын қайта жаңарту. III-ші іске қосу кешені» биыл 200 метр су бұру желілерін қайта салуды жоспарлануда. Бұдан бөлек «Саратов трассасы бойынша д1000 мм қысымды кәріз коллекторын қайта жаңарту» жобасы  биылғы жылы 2,8 км су бұру желілері қайта жаңғыртылады. 2021-2026 жылдарға арналған «Батыс су арнасы» ЖШС инвестициялық бағдарламасы аясында ағымдағы жылы өз қаражаты есебінен 0,9 шақырым су бұру желілеріне күрделі жөндеу жүргізіледі, – деп мәлім етті  Бейімбет Мусин.

Сонымен қатар «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде «Ақсай қаласының 10 шағынауданы Бестау су жинауына дейін резервтік магистральдық су құбырын салу құрылысы» жобасы бойынша ұзындығы 3,095 шақырым болатын объектіні іске асырыладыү 2021-2026 жылдарға арналған «Батыс су арнасы» ЖШС инвестициялық бағдарламасы аясында ағымдағы жылы өз қаражаты есебінен 11,9 км су құбыры желілеріне күрделі жөндеу жүргізіледі.

«Жайықжылуқуат» АҚ-ның 2021-2026 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасы шеңберінде өз қаражаты есебінен 5,9 км жылумен жабдықтау желілеріне күрделі жөндеу жүргізіледі.

 Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
246 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
351 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
596 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
862 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1090 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1127 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1280 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1473 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1704 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1793 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1904 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1911 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1944 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1944 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
2049 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2269 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»