8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Қазан 2020 887 0
Қоғам

Биыл Қазақстанда ҚЫС ҚАНДАЙ БОЛАДЫ

Қазақстан бойынша 2020 жылғы қараша – 2021 жылғы наурыз айларына арналған маусымдық ауа райы болжамы.

Қараша айының бірінші жартысында республиканың солтүстік бөлігінде, шығысында және орталығында қысқы ауа райы болжанады.

Қараша айында жауын-шашын (көбінесе қар), қарлы боран, сондай-ақ көктайғақ пен тұман жиі болады. Айдың бірінші жартысының ең суық күндерінде термометр бағанасы түнде -10-23°C, күндіз -2-10°C дейін төмендейді. Суық ауа массалары жылыға ауысқанда термометрлердің бағаналары +5+12°С белгісіне жетеді.

Еліміздің оңтүстік бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) айдың екінші жартысында күтіледі, таулы жерлерде ертерек болуы мүмкін. Бұл жағдайда температура фоны түнде -5-12°С дейін, күндіз -1+5°С дейін төмендейді.

Бір ай бойы жылы күндер аязды күндерге ауысуы күтілуде, көбінесе елдің солтүстік жартысында.

Осылайша, Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы норма шамасында, елдің солтүстік-батыс жартысында – нормадан 1°С жоғары, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында – нормадан 1°С төмен болады деп күтілуде.

Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері норма шамасында, еліміздің солтүстік-шығыс жартысында және оңтүстік-шығыс аймақтарының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында нормадан көп, республиканың оңтүстік-батыс жартысында нормадан аз болады деп болжанады.

Қараша айында қар жамылғысы пайда болады және қалыптасады. Көпжылдық мәліметтерге сәйкес, қар жамылғысы қалыптасуының орташа күні:

солтүстік және шығыс аймақтарда – қараша айының ортасында,

Қазақстанның орталық бөлігінде – қарашаның екінші жартысында,

еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысында – қарашаның соңында және желтоқсанның бірінші жартысында,

республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-батысында – желтоқсанның үшінші онкүндігінде.

2020-2021 жж. қыс өткен жылғы қыстың сценарийі бойынша, яғни жылы және жауын-шашынға мол болады деп күтілуде.

Өткен жылдың қысында Қазақстан аумағына Атлантика аудандарынан жылы және ылғалды ауа массаларын әкелетін батыс тасымалы жиі жүзеге асырылды. Жер бетіндегі қабатта белсенді циклон мен атмосфералық фронттардың жиі өтуі байқалды, осыған байланысты республиканың басым бөлігінде мол жауын-шашын жауды. Бұл процесстің ең үлкен әсері елдің солтүстік-шығысында және орталығында байқалды, бірқатар терең циклондар өте қолайсыз ауа-райын әкелді: боранмен жиі және қатты қар жауды, олардың ұзақтығы 12-25 сағат, көріну қашықтығының нашарлауы 50 м дейін жетті, жел 30-35 м/с дейін күшейді.

Алдағы қыста Қазақстан аумағы бойынша температуралық фон климаттық нормадан 1-2°С жоғары, тек еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс аймақтарының таулы және тау бөктерлі аудандарында – норма шамасында күтілуде.

Желтоқсан мен қаңтар айларында еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады, тек батыс өңірлерінде – аз күтіледі, ақпан айында жауын-шашын мөлшері елдің басым бөлігінде нормадан көп, ал оңтүстік-батыс жартысында норма шамасында болжанады.

Көктемнің басы, атап айтқанда наурыз жылы және жауын-шашының мөлшері аз болады деп күтіледі. Қазақстан аумағының басым бөлігінде орташа ауа температурасы нормадан 1-2°С жоғары, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында нормаға жуық болжанады. Жауын-шашын мөлшері басым бөлігінде нормадан аз, қиыр солтүстікте және Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарының оңтүстік-шығыс бөлігінде норма шамасында, Шығыс Қазақстан обласының тауларда нормадан көп болжанады.

www.kazhydromet.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
Сабаздың рухын жаңғыртты!
11 Мамыр 2024
405 0
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
485 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
489 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
526 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
541 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
911 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
1036 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
1070 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
1345 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
1354 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
1484 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1782 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1880 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1904 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
2116 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»