8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Наурыз 2021 1483 0
Қоғам

БІРЫҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ – БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТТАРЫН ОҢТАЙЛЫ ЖӘНЕ ТИІМДІ ЖҰМСАУДЫҢ НЕГІЗІ

 Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы 2020 жылы облыстық деңгейде жалпы сомасы 124 721 762 788 теңгеге 475 мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылды. Бұл туралы бүгін, 12 наурыз күні өңірлік комуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Б.Ниетқалиева айтып берді. Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу саласындағы жұмыс нәтижелерін баян етті. 

  

Іске асқан жетістіктер ретінде үш жылдық мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыруды атап өтуге болады. Қазіргі таңда Орал қаласы бойынша 2020-2022 жылдарға көпжылдық 10 жобаға мемлекеттік сатып алулар жарияланды. Жобалар 3 жылдық мерзімге тұрақты жұмыс орындарын қамтамасыз ету үшін және бюджет қаражаттарын үнемдеу үшін жүзеге асырылуда. Бұл жобалар бойынша көпжылдық өсімдіктер егу, азаматтардың қауіпсіздігі, әл-ауқатты арттыру үшін қалалық инфрақұрылымды жақсарту жүзеге асырылады.Басқарма басшысының  сөзінще, аталған жобалар сапасыз жұмыс, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге, жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.Төлем жұмыстардың, көрсетілген қызметтер нәтижесі бойынша жүргізіледі. Яғни, жұмыс істемейтін бағдаршам, өліп қалған өсімдік үшін төлем жасалмайды. Төлем жасау нәтижеге бағытталатын болады.

Тағы бір нәтижелі жұмыс – 2020 жылдың 1 қаңтары мен 1 қазаны аралығында мемлекеттік сатып алуды орталықтандыру бойынша пилоттық жобаның іске асырылуы.  Батыс Қазақстан облысы әкімі Ғ.Н.Есқалиевтің бастамасы бойынша Батыс Қазақстан облысының әкімдігі пилоттық жобаны іске асырушы мемлекеттік органдардың тізбесіне енгізілген болатын. Пилот 4 орталық мемлекеттік орган (ҚМ, ӘМ, ИИДМ, АШМ) және 5 жергілікті атқарушы органда (Нұр-Сұлтан қ., Батыс Қазақстан обл., Шығыс Қазақстан обл., Қостанай обл., Қызылорда обл.) жүргізілді. Жалпы алғанда пилоттық жоба бірыңғай тәжірибені қалыптастыру, сатып алуды стандарттау, шығыстарды, оның ішінде функциялардың қайталануын болдырмау жолымен оңтайландыру сияқты оң нәтижелер көрсетті.

Сатып алудың орталықтандырылған жүйесіне толық көшу пилоттық жобаның оң нәтижелерін және сатып алудың жаңа тәсілдерін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің қарауындағы «Мемлекеттік сатып алудың мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы қабылданғаннан кейін жүзеге асырылатын болады. Сонымен бірге халықаралық сарапшылардың (ЕҚДБ) сатып алуды орталықтандыру аутсорсинг түрлерінің бірі болып табылатыны туралы пікірін назарға ала отырып, мемлекеттік сатып алудағы берілген институтты іске асыру және дамыту орталықтандырылған мемлекеттік сатып алудың аясында жүзеге асырылады, – деп атап өтті Бибігүл Ниетқалиева.

2021 жылдың басынан бастап бюджет шығыстарын оңтайландыру және бір көзден сатып алулардың үлесін азайту мақсатында білім, дене шынықтыру және спорт, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу  облыстық 4 басқарма бойынша құрылымдық мекемелерімен қоса мемлекеттік сатып алулар облыстық деңгейде өткізілуде.

–  Барлық ведомстволар үшін әр бағыт бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алу жоспарлары жасақталды және сол арқылы әр басқарманың бытыраңқы лоттары жалпы конкурстық жиынға біріктірілген. Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асырудағы ұсынылып отырған тәсілдеме тауарларды төмендетілген бағалар бойынша делдалдарсыз сатып алу арқылы бюджет қаражаттарын оңтайлы және тиімді жұмсауға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және бюджеттік ұйымдарды оларға тән емес функциялардан босатуға мүмкіндік береді, – деді басқарма басшысы.

Сатып алулар «Біртекті түрлері және оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлу талап етілмейтін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 1 наурыздағы №159 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Аталған тізімге кеңсе тауарлары, шаруашылық тауарлары, жуу құралдары, азық-түлік тағамдары, дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар, құрылыс материалдары, электр тауарлары, сантехникалық тауарлар, қосалқы бөлшектер, жеңіл өнеркәсіп тауарлары, жиһаз өнімі және күзет және өрт дабылы қызметтері, ғимаратқа техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер(үй-жайларды жинау және аумақты абаттандыру, жылыту жүйелерін тығыздау және жуу, электрмонтаждау және сантехникалық жұмыстар, ағаш ұстасы көрсететін қызметтер), полиграфиялық қызметтері кіреді.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы 2015 жылдың қаңтарында құрылды. 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы»  Заңына сәйкес  басқарма облыс аумағында мемлекеттік сатып алулардың бірыңғай ұйымдастырушысы болып анықталды. Басқарманың негізгі миссиясы – облыс аумағында мемлекеттік сатып алулар рәсімдерін ұйымдастыруды және өткізуді орындау.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

 

 

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
104 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
147 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
446 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
457 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
585 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
883 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
977 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1005 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1216 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1482 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1710 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1748 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1897 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2095 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
2317 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»