8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Ақпан 2021 904 0
Қоғам

БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫС НӘТИЖЕЛІ

Орал қалалық Полиция басқармасының әкімшілік полиция бөлімі қаладағы жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы жол қозғалысы мен қауіпсіз жол қозғалысын ұйымдастыруды  Тұрғын үй коммунаЛдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен бірлесіп жүргізеді. Бұл бағытта жол қозғалысын ұйымдастыру, жолды реттеу, абаттандыру, тазалау, суарудың техникалық құралдарын ұстап тұру және көше-жол желілерін ұстап тұрумен байланысты басқа да жұмыстар атқарылуда.

Осындай бірлесе атқарылатын іс-шаралардың түйінін қою, өткен жылда атқарылған жұмыстарды қорытындылау, алдағы келелі міндеттерді нақтылау мақсатында  11 ақпанда басқарманың ғимаратында келелі жиын өтті. Жиынға Орал қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің, «Жайық жарығы» мен «Жайық Таза Қала» ЖШС-інің басшылары, өзге де құзырлы мердігерлік ұйымдардың өкілдері қатысты.

Орал қалалық Полиция басқармасының әкімшілік полиция бөлімінің бастығы – полиция подполковнигі Нұрбол Меңдіханов қала ішіндегі жол белгілерінің орнатылуы, жол-көлік апаттарының алдын алу бағытында бірлесе шешімін табатын мәселелерге тоқталды. Мәлімдеуінше, облыс орталығының 3 қиылысына, атап айтқанда Назарбаев даңғылы – Ықсанов көшесі, Абай даңғылы – Құрманғазы көшесі және С.Датов көшесі-Гагарин көшелерінің қиылыстарына Қазақстан Республикасы жол жүрісі қағидаларын бұзуды тіркеудің автоматты жүйесі орнатылған. Маневрлеу қағидасын бұзу салдарынан – 33 жол-көлік оқиғасы тіркелген, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өтпесінен өту қағидасын бұзу бойынша – 26 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, нәтижесінде 1 адам көз жұмып, 25-і түрлі дәрежедегі жарақат алған. Десек те, бірлесе жұмыстану нәтижесін беріп, 2020 жылы жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қаланың коммуналды қызметтерінің орындаған жұмысы қалада жол-көлік оқиғалары санының азаюына маңызды үлес қосты.

Осыған байланысты келелі жиын соңында Орал қаласы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары – полиция подполковнигі Жантемір Иманалиев «Жайық жарығы» ЖШС-інің директоры Жанқабыл Қарлыбайұлына, «Жайық Таза Қала» ЖШС-інің директоры Ринат Саматұлына,  Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары  бөлімінің бастығы Жандос Асқарұлына Орал қаласында жол қозғалысын ұйымдастыру, қауіпсіздіктің алдын алу, қаланың көркейіп және қала тұрғындарына қауіпсіз орта ұйымдастыру жұмыстарына үлес қосқандары үшін алғыс айтып, Орал қаласы Полиция басқармасы бастығы – полиция подполковнигі Мердан Айкеновтің атынан «Алғыс хат» табыстады.

Жиын соңында Орал қалалық Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары – полиция подполковнигі Жантемір Иманалиев, Орал қалалық Полиция басқармасының әкімшілік полиция бөлімінің бастығы – полиция полполковнигі Нұрбол Меңдіханов, Орал қалалық Полиция басқармасының әкімшілік полиция бөлімінің аға мемлекеттік автоинспекторы – полиция майоры Айбек Асабаев аталмыш ЖШС басшыларымен келешекте де ынтымақтаса жұмыстанып, барлық кәсіби шеберліктерін туған қаламыз Орал шаһарының әрі қарай дамуына жұмсайтындарына сенім білдірді. Мердігер серіктестік басшылары алдағы жоспарлардың сәтті орындалатынын айтты.

Орал қаласы Полиция басқармасының баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
354 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
454 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
697 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
964 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1188 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1228 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1380 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1574 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1806 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1892 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
2004 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
2009 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
2043 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
2043 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
2149 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2371 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»