БІР ҮЙ – БІР БІРЛЕСТІК – БІР ЕСЕПШОТ
26 қазан күні өңірге арнайы келген «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамыту орталығы» АҚ өкілдері қаладағы ПИК және МИБ төрағалары, қауымдастықтар мен пәтер және тұрғын емес үй-жайлар иелерімен кездесіп, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласындағы жаңа реформалар мен көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа форматын түсіндірді. Сондай-ақ 27 қазанда жаңа форматтағы басқару жүйесін енгізген қос үйдегі жұмыстың жүргізілуімен танысып, нұсқаулықтар берді.
Өткен жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, күшіне енді. Яғни, заң жүзінде қабылданған құжат саладағы негізгі түйткілдерді шешпек. Бұл ретте «Бір үй – бір бірлестік – бір есепшот» қағидаты бойынша меншік иелері бірлестігін құру көзделді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында «Мүліктік меншік иелерінің бірлестігі» институтын енгізу – меншікті басқару ісінде тұрғындар пікірінің ескерілуін, сондай-ақ тұрғын үйді пайдалану және жөндеу жұмыстарына бөлінген қаражаттың ашықтығы мен есептілігі болуын қамтамасыз ететінін айтқан болатын. Себебі мұндай бірлестік – өзін өзі ұйымдастыру және басқару институтының бастау негізі.
Жаңаша бағыттағы бірлестік құрудың артықшылығы туралы «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамыту орталығы» АҚ өңірлік даму және әдіснама департаментінің директоры Марғұлан Әбдікәрімов жете түсіндірді.
– Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың иелері басқарудың екі формасының бірін таңдайды – мүлік иелерінің бірлестігі немесе қарапайым серіктестік. Мүлік иелерінің бірлестігі – тұрғын емес үй-жайдағы пәтер иелері құрған заңды тұлға, қарапайым серіктестік – заңды тұлға құрмай, пәтерлердің және тұрғын емес үй-жайлардың барлық иелерін тікелей бірлесіп басқаруы. Қарапайым бірлестік 20-30 пәтерлі түрғын үйлер үшін қолайлы, ал негізінен 30 пәтерден асатын тұрғын үй болса, мүлік иелері бірлестігін құруды ұсынамыз. Тұрғындар таңдауымен сайланған мүлік иелерінің төрағасы басқару қызметін өзі атқарады. Бұл үшін негізінен жұмыссыз, жауапкершілігі мол, белсенді азаматты таңдаған жөн. Дегенмен, негізгі жұмысын атқара жүріп, кешкілік көппәтерлі тұрғын үйдің мәселесімен айналыса алатын азаматтарды да сайлауға шектеу қойылмайды. Ол мүлік иелері бірлестігі атынан сервистік компаниялармен келісім жасауға, тұрғын үйді күтіп ұстау немесе жөндеу бойынша атқарылған жұмыстар актісін қабылдап, қол қоюға және ақысын төлеуге құқылы болады. Жиналған қаражат тұрғындардың өз бақылауында болады, – деді Марғұлан Жеңісұлы.
Сонымен қатар «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамыту орталығы» АҚ төрағасының орынбасары Нұрбек Серіков көппәтерлі және жеке тұрғын үйді басқару саласын цифрландыруға тоқталып, бұл ретте республиканың барлық тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын цифрландыруға мүмкіндік беретін ауқымды жоба іске қосылғанын жеткізді.
– «Е-Шаңырақ» жүйесі Е-zhkh.gov.kz домені бойынша орнатылды. Платформа 16 қыркүйекте іске қосылып, тәжірибелік нұсқада жұмыс жасауда. Мұнда жинақталған деректер саланың ашықтығын арттырып, бәсекелестік нарықты қалыптастырады. Әлі де толықтырылып, дамыту қажет. Осы ретте пайдаланушылардың ұсыныстары ескерілетін болады, – деді Нұрбек Нұржанұлы.
Расында, салада күрмеуі шешімеген мәселе жетерлік. БҚО ПИК қауымдастығының төрағасы Нұрлан Шабдаровтың сөзінше, ең алдымен тұрғындар тарапынан жанашырлық жоқ. Өздері тұратын үйге қатысты маңызды жиналыстарға тұрғындардың қатыспайтыны тағы бар. Бар-жоғы 6-7 тұрғын ғана шығып, басқалары немқұрайлық танытады. Сонымен қатар арзан тариф күрделі жөндеу, құбырларды жаңарту сынды ауқымды жұмыстар жасауға мүмкіндік бермей отыр.
– Басқарушы орган өз міндеттемелерін жақсы білуі керек. Заңда бұл туралы ашылып көрсетілмеген. Сол себепті халық арасында аз ғана тарифке сәйкес ақы алса да, «барлық жұмысты ПИК атқаруы тиіс» деген түсінік қалыптасқан. Қазіргі таңда орташа тариф – 35 теңге. Бұл бағамен құбырларды, шатырды жөндеу мүмкін емес. Ол үшін мақсатты қаражат жиыны болуы керек. Мәселелерді жалпы жиналыстарға салмай-ақ, заңда ашық көрсеткен дұрыс, – деді Нұрлан Уапұлы.
Басқосуда ПИК өкілдері тарапынан бұған дейінгі ПИК-тердің ресми түрде жұмысын тоқтату және жаңа форматта жұмысын бастайтын бірлестікті тіркеуге қатысты сұрақтар көтеріліп, мамандардың жауаптары тыңдалды. Сонымен қатар қызмет тарифі, жұмыстың жүйесіне қатысты мәселелер қозғалды.
Қалада 1247 көппәтерлі тұрғын үй бар. 106 пәтер иелері кооперативі жұмыс жасайды. Жаңаша форматта жұмыстанатын 23 мүлік иелері бірлестігі, 870 жай серіктестік тіркеліп үлгеріпті. Жалпы көрсеткіш 53 пайызды құрайды.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру

Пікір үстеу