8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Тамыз 2020 1459 0
Өзек

БІР АЙДА БЕС МӘРТЕ ҰРЛЫҚ ЖАСАҒАН

 Орал қалалық Полиция басқармасының  криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері велосипед, аккумулятор, су айдайтын электр компрессор сынды жеке мүліктерді ұрлады деген күдікке  іліккен азаматты құрықтады. Бұл туралы Орал қаласы Полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. 

1978 жылғы, еш жерде жұмыс жасамайтын, бұған дейін заң алдында жауапталған А. есімді азамат шілде айының басында ұрлық әрекеттеріне жол берген. Ол өзгенің гаражы мен үйінің есіктерін бұзып кіріп, енді бірінің саяжайдағы үйіне кіріп, қолына тигендерін жымқырып 5 рет ұрлыққа жол берген. Мысалы, 13 шілдеде «Локомотив» саяжай қоғамындағы бір үй ауласына емін-еркін еніп, көзіне бірінші түскен «Барс» маркалы аккумуляторды үптеген. Содан кейін электр компрессор, 1 бума электрод, т.б. жеке мүліктерді жиып-теріп, алып шыққан. 1954 жылғы саяжай иесі полицияға арыз жазып, 18 мыңға жуық теңгеге материалдық шығын келгенін айтты. Ал жасы қырықтан асқан күдікті ұрлық жасағанын мойындап отыр. Бүгінгі күні басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұрлық фактісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
59 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
110 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
149 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
409 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
429 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»