8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Ақпан 2021 1610 0
Өзек

БІЛІМ ҰЯСЫНЫҢ ШАТЫРЫ ҰШТЫ, БІРНЕШЕ АБОНЕНТ ЖАРЫҚСЫЗ, СУСЫЗ ҚАЛДЫ

Қатты жел Тасқала ауданы Мерей ауылындағы мектептің шатырын ұшырып кетті.

Оқиға 24 ақпан күні болған. Төтеншеліктердің  мәліметінше, бұл күні жел секундына 18 метрге дейінге  соққан. Жел салдарынан шатырдың 600 шаршы метрі ұшқан. Оқиға туралы сағат 19.30 шамасында хабар түскен. Зардап шеккендер жоқ.

Ғимараттың жалпы аумағы 700 шаршы метр. 1977 жылы салынған нысан екі қабатты. 2015 жылы жөндеуден өткен.

Оқиға орнында жергілікті атқарушы органкомиссиясы жұмыс атқаруда.

Сондай-ақ кеше, 24 ақпан күні ауа-райының құбылуынан Тасқала ауылында электр желілерінде  апаттық үзілу орын алып, 4 сағат бойы электр қуаты болмаған. Салдарынан Жеңіс көшесіндегі үш қабатты екі тұрғын үйдің жылу жүйесі қатып қалып, істен шыққан. Қазіргі уақытта құбырларды ауыстыру жүргізілуде.

Бұдан бөлек БҚО ТЖД бүгін  Тасқала ауданында қысқа тұйықталудың салдарынан Атамекен елді мекенінде электр қуаты үзіліп, 43 абонент электр қуатынсыз қалғанын хабарлады. Бұл орында «Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ қызметкерлері қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.  Ал Тасқала ауылы Абай-Жақсығұлов көшелерінің қиылысында диаметрі 100 мм болатын суық су құбыры жарылған. Сол себепті 500 абонент сусыз қалды. «Ком.хоз»  МКҚК жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
60 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
111 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
150 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
410 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
430 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»