БЕС ЖАСАР ҚЫЗДЫ ҚҰТҚАРДЫ
Орал қаласының ТЖБ қызметкерлері рейд кезінде бес жасар қызды құтқарды.

Облыс әкімі А. Көлгіновтің нұсқауына және Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы генерал-майор Ж. Жұмашевтың бұйрығына сәйкес 1 маусым күні облыс аумағында Департаменттің барлық жеке құрамын, БҚО ПД ЖПҚБ, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының қызметкерлерін тарта отырып, 200-ден астам адамның қатысуымен ауқымды рейдтік іс-шаралар өткізілді.
Іс-шара барысында қызметкерлер қала және облыс тұрғындарына профилактикалық әңгіме жүргізді, акватория жағалауларында демалушыларға үгіт-насихат материалдарын табыстады. Бұдан басқа, полиция және орман шаруашылығы қызметкерлері құқық бұзушылық фактілерін, атап айтқанда ағаштардың түбінде от жағу, спирттік ішімдіктер ішу және т. б. анықтау және жолын кесу бойынша шаралар қабылдады.
Сол күні сағат 12.20-да Орал қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкері азаматтық қорғау аға лейтенанты Бахтияр Катчеков Желаев ауылы маңындағы «Карьер»жасанды су қоймасының жағасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сол мезетте ол су айдынынан «Кішкентай бала суға батып барады» деп айқайлаған кәмелетке толмаған балалар тобын байқады. Бір секунд та ойланбастан, Бахтияр Бауыржанұлы нысандық киімімен баланы құтқаруға ұмтылды. Біраз уақыттан кейін жағаға бес жасар қызды алып шығып, оған дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетті.
«Біз отбасымызбен Желаев ауылына табиғат аясына келгенбіз. Балалар өзенге шомылып, өзім бірнеше минутқа сәл алыстап кеткем. Осы уақыт ішінде менің балам суға бата бастады. Бақытымызға орай, осы кезде ТЖД қызметкерлері рейд жүргізіп жүрген, олардың біреуі қызымды судан алып шықты. Баламды құтқарғаны үшін зор алғысымды білдіремін», – дейді құтқарылған қыздың анасы.
Бахтияр Бауыржанұлы Катчековтің жедел әрекетінің арқасында бес жасар қыздың өмірі сақталды.

Құрметті ата-аналар! Көмек сұрау ережесін есте сақтаңыз, әсіресе, кішкентай балаларды осы қашықтықтан алысқа жіберуге болмайды, әйтпесе орны толмас жағдай орын алуы мүмкін.
А.Ж. Кадыров, Орал қ. ТЖБ бас маманы азаматтық қорғау аға лейтенанты
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу