БЕС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ТӘРТІБІ ӘДЕП КЕҢЕСІНДЕ ҚАРАЛДЫ
27 қазанда өткен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңес отырысында Батыс Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Г.Сарсенғалиеваға, Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдік жолдары бөлімінің басшысы Ж.Дүйсенғалиевке, орынбасарлары А.Даубаев пен Қ.Өмірәлиевке және осы бөлімнің сектор меңгерушісі Е.Шайхиевке қатысты тәртіптік істер қаралды.

БҚО Білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Г. Сарсенғалиеваның тарапынан қарамағындағы қызметшілеріне қатысты әдепсіздік және орынсыз мінез-құлық фактілеріне жол беру орын алған. Аталған мәселені талқылауға ҚР білім және ғылым министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі К.Т.Бекимова онлайн форматында қатысты. Тәртіптік істі қарау нәтижесінде Әдеп жөніндегі кеңесі Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысына Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі талаптарын сақтамағаны үшін Г.Сарсенғалиеваға «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныс жолдау туралы шешім бірауыздан қабылданды.
Одан соң Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдік жолдары бөлімінің басшысы Жандос Дүйсенғалиев пен оның орынбасары Аслан Даубаевқа қатысты тәртіптік мәселе қаралды. Прокуратураның пайымдауынша, аталған тұлғалар қала аумағында бірқатар көшелердің автомобиль жолдары қайта құру жұмыстары бойынша құрылыс объектісіне мердігермен 2020 жылдың тамыз және қыркүйек айларында жасалған жұмыстар бойынша аралық актісіне қол қою барысында, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің талаптарын бұзып, мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасаған. Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері тәртіптік іс бойынша барлық материалдар мен тараптардың уәждемелерін жан-жақты саралап, бөлім басшысы Ж.Дүйсенғалиев тарапынан аралық актілерге қол қою фактілері орын алмағанына байланысты оған қатысты тәртіптік істі тоқтатты, сонымен бірге, аталған бұзушылық бөлім басшысының орынбасары А.Даубаев тарапынан жасалғандығы белгілі болды. Дегенмен, А.Даубаевтың тарапынан бұзушылық мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық болмайтынын атап өтіп, қабылданған шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз ету бойынша талаптарды сақтамағаны үшін, оған «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныс жолдау туралы шешім көпшілік дауыспен қабылдады.
Кеңесте көтерілген үшінші мәселе, Орал қаласының прокуратурасының заң бұзушылықтарды жою туралы ұсынуында аталған Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Қ.Өмірәлиев пен осы бөлімнің сектор меңгерушісі Е.Шайхиевке қатысты тәртіптік іс болғанымен, облыстық прокуратура өкілінің аталған іс бойынша қосымша зерделеуді қажет деп тауып, материалдарды кері қайтару туралы ұсыныс білдіруіне орай, аталған тұлғаларға қатысты тәртіптік істі тоқтату туралы шешім қабылданды.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Кіру
Пікір үстеу