«БАТЫС СУ АРНАСЫ» ЖШС ЕЛ ЖАНАШЫРЫН ҚОЛДАУҒА ДАЙЫН
Орал қаласында сайлауалды қолдауға дайынды үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүруде. Бүгін Орал қалалық қоғамдық штаб мүшелері, «Nur Otan» партиясының атынан сайланған кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілдері «Батыс су арнасы» ЖШС коммуналдық мекемесі жұмысшыларымен жүздесті.

Алдымен Президенттікке кандидаттың сайлауалды бағдарламасындағы басымдықтарды жиналғандарға таратып түсіндірген Орал қалалық қоғамдық штаб мүшесі Біржан Кухаев сайлауға түсіп жатқан жеті кандидаттың да осал еместігін, дегенмен солардың ішінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың орны ерекше, тәжірибесі де мол екенін тілге тиек етті.
Кандидаттың сенімді өкілі Ольга Исаева қиын жылдарда ел тізгінін ұстаған Елбасының еселі еңбегіне, Қасым-Жомарт Тоқаевтың өмір жолына тоқтала келе: – Қасым-Жомарт Кемелұлы сияқты ішкі-сыртқы саясатта, экономика, заң шығару саласында өте тәжірибелі азаматтар санаулы. Ол тәуелсіздікті баянды етуге, шекарамызды шегендеуге, алпауыт мемлекеттермен тереземізді теңестіруге көп еңбек сіңірді. Елбасы транзиттік дәуірде тізгін ұстауға толық қақысы бар, тәжірибелі саясаткер деп Тоқаевты ұсынды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел басқарған еңбегін жақсы білесіздер. Ол – БҰҰ-да қызметте жүргенде қазақты танытқан бірегей тұлға. Үкімет басқарып тұрған кезінде елдің тұрмысын түзеуге атсалысты, – дей келіп, 9 маусым саяси науқанға келіп, өзі ұсынған кандидатты қолдауға шақырды. Ал «Ақжайық адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі, қалалық мәслихат депутаты Әлия Сәлиева елімізде жемқорлық фактілерінің көп кездесетінін, осы бағытта қоғам дертін жоюға күш жігерлерін салып жүргенін айтып, жобалық кеңседе атқарылып жатқан жұмыстарға, қоғамды жайлаған жемқорлық фактілеріне тоқталды. – Қ.Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында басты міндеттердің бірін жемқорлықты түп-тамырымен жою деп көрсетті. Бұл дегеніміз – Әділдік. Біз мемлекеттік қызметтердің бәрін ашық, әділ алуымыз керек. Алда біз бен сіз жұмыла көтергенде жеңіл болатын, бір тудың астына бірігіп, ел тыныштығы үшін маңызды шешім қабылдайтын саяси шара келе жатыр. Қ.Тоқаевтың «Сабақтастық, Әділдік, Өрлеу» бағдарламасы – қазақстандықтардың көкейінде тұрған мәселелерді ашықтап, шешімін ұсынады. Бұл бағдарлама ел азаматтарының сұранысына негізделген, барлық буын өкілдерінің жаңа сапалы өмір сүру деңгейіне жету үшін құралған. Қасым-Жомарт Кемелұлына дауыс берген әр азамат Сабақтастық, Әділдік пен Өрлеуді таңдайды, – деген Әлия Өтемісқызы баршаны 9 маусымда сайлауға келіп, Қазақстанның табысты болашағы үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс беруге шақырды.
Өз кезегінде «Батыс су арнасы» мекемесінің директоры Нұр Төлеуғалиев Қасым-Жомарт Кемелұлының аты дүниежүзіне мәлімдігін, дипломатиялық қызметтің барлық сатысынан өтіп, Біріккен Ұлттар Ұйымында еліміздің өкілі болған тәжірибелі саясаткер екенін, қиын экономикалық кезеңде Премьер-министр қызметін атқарғанын айта келіп, коммуналдық мекеме ұжымы толықтай ел жанашырын қолдап дауыс беретінін жеткізді.






Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу