8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Наурыз 2019 2028 0
Қоғам

БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ

Бүгін Жайық жұрт Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін тойлады. Облыс орталығында ұйымдастырылған басты мерекелік шара Тұңғыш Президент алаңында өтті. Наурыз тойына орайластырылған шараларды қызықтауға жиналған батысқазақстандықтар мен қала қонақтарын облыс әкімі Алтай Көлгінов құттықтады.

Наурыз – жаңару айы. Адамдардың көңілі көрісіп, төс қағыстыру арқылы арқа-жарқа болып жаңарса, Жер-Ананың құшағына тал отырғызылып табиғаттың өзі де осы айда жаңара түседі. Осы дәстүрді жаңғыртқан батысқазақстандықтар мерекені тал егуден бастады. Ақсақалдардың ақ батасымен бұл күні Тұңғыш Президент алаңына 50-ге жуық көшет түптендірілді.

Бір-бірімен арқа-жарқа амандасқан жұрт Наурыз көжеден дәм татып, ел-жұрт аман, ақ мол болсын деген тілектерін жаудырды.  Өңір басшысы Алтай Көлгінов жерлестеріне ізгі тілегін жолдап, елдің ынтымағының бекем болуын тіледі.

–  Баршаңызды елдік пен бірліктің, еңбек пен ырыстың жайдарлы, жарқын мерекесі – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Дастарханға ақ толатын, елімізге бақ қонатын бұл шақты халқымыз Ұлыстың ұлы күні деп ұлықтаған. Күн мен түн теңелген, іргемізді ізгілікке бөлеген Наурыз бүкіл адамзатқа шаттық сыйлайды. Жыл басы Наурызбен бірге ызғарлы қыстың орнын шуақты көктем басып, тіршілік қайта түлейді. Бұл күні адамдар бұлақ көзін ашып, тал еккен, жоқ-жітікке жәрдемдескен. Сондықтан біз басты байлығымыз – берекелі бірлігімізді көздің қарашығындай сақтауымыз қажет. Отанға деген шынайы сүйіспеншілік мемлекеттік сананы орнықтырады. Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуымен бірге жаңғырған Наурыз мейрамы көпұлтты Қазақстан халқы үшін мерейлі мерекеге айналды. Бірлік пен ынтымақтың, саяси тұрақтылықтың негізі болды. Кез келген мемлекеттің басты құндылығы – оның тәуелсіздігі, бірлігі, қоғамдағы бейбітшілігі мен келісімінде. «Біз үшін тәуелсіздіктен асқан мұрат, Мәңгілік елден асқан мақсат жоқ» деп Елбасымыз, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев әрдайым айтады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған осы жолда ата-бабаларымыздың арманын жалғап әлемдегі ең дамыған елдер қатарына кіру жолында бар күш-жігерімізді аямайық. Ұлыстың ұлы күні елдің ырысы мен ынтымағын нығайтып, әр отбасының береке-бірлігін арттырсын. Табысты дамыған Қазақстанымызға тыныштығы мен жасампаз жақсылығын ала келсін. Ақ мол болсын, жыл жемісті болсын! Мәңгілік еліміз жасарып, жаңара берсін, – деп тіледі Алтай Сейдірұлы.

Мерекеге арнайы БҚО мәдениет басқармасы облыстықхалық шығармашылығы орталығы ұсынған «Бақ, береке Наурызым» атты театрландырылған концерттік бағдарлама қасиетті жеті санымен байланыстырылды. Салт-дәстүр, әдет-ғұрып көріністері арқылы ел тәуелсіздігі мен ұлт мұраты сынды ұлы құндылықтар дәріптелді.

Қобызшылар би ансамблі бастап,  жарапазаншылар жырлатып, барша халықты тойға шақырды.  Ұмай ана ел мен жерді жамандықтан аластап, тазалық иесі – От-анаға, тіршлік көзі – Су-Анаға, тіршілік анасы – жер-Анаға және тіршілік бастауы – Күн-Анаға тәу ету амалы жасалды. Бұдан соң, ортаға «Тайқазан» шығарылып, қыз-келіншектер жиналған қауымға дәм  ұсынды.

 

«Жеті ата», «Жеті ғашық», «Жеті қазына» және ХVІІ ғасырда Қазақ хандығының ыдырау қаупінің тууына байланысты Тәуке ханның елдің ауызбірлігін арттыру, қазақ қоғамының дамуы мен хандық билікті қамтамасыз ету мақсатында жариялаған «Жеті жарғысы» қойылыммен көрсетілді. «Жеті жетістік» көрінісі арқылы өңірімізден шыққан даңқты жерлестеріміздің жетістіктеріне назар аударылды. Олардың қатарында ақын, әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері Ақұштап Бақтыгерееваның, «Жүз жаңа есім» жобасының жеңімпазы Ақсерік Әйтімовтың, композитор Ескендір Хасанғалиевтың, «Алтын домбыра» иегері Жансая Мусинаның, олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтың  есімдері ерекше аталып, көп балалы батыр аналар және мейірімді жандарға көрсетілді.

Наурыз мерекесінің жоғары деңгейде өтуіне өңірдегі этно-мәдени орталық өкілдері де үн қосты. Қазақстан халқы Ассамблея үй алдына киіз үй тігіліп, этно-мәдени бірлестік өкілдері өнерлерін көрсетті. Ұлттық дәмдерін ұсынды.

Сондай-ақ алаңда «Ақжайық – шеберлер қаласы» атты қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен ұлттық ойындар жарысы өтті.

 

 

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
60 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
175 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
426 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
689 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
927 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
961 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1115 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1309 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1541 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1629 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1738 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1747 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1776 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1781 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1884 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2105 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»