8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Шілде 2020 775 0
Без рубрики

БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ САҚШЫЛАР ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

                «Жақсы сөз – жанның тынысы». Осындай атаумен мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, мемлекеттік тілді жетік  меңгерген қабілетті қызметкерлерді анықтау және оларға қолдау көрсету, Қазақстандық патриотизмді нығайту және рухани құндылықтарды  насихаттау мақсатында  жыл сайын Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы өткізетін мекемелер мен кәсіпорындар арасындағы облыстық  байқаудан Батыс Қазақстан облысының  Полиция департаменті бөліністері  ешқашан сырт қалған емес және жауапкершілік пен тыңғылықты дайындықтың нәтижесінде осынау аталмыш шарада тек жүлдені ғана қанжығаларына байлап келді.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты биыл қашықтан оздырылған бұл байқауға  Полиция департаментінің қызметкерлері «Жетінші аймақ» атауымен қатысып, өз бақтарын сынға салды. Байқауға облысымыздағы әкімдік, экономика, төтенше жағдай, білім, кітапхана және басқа да салалардың мамандары қатысты. Байқаудың алғашқы кезеңі – таныстырылым бөлімінде командамыз күйші Дина, дәстүрлі әнші Ғарифолла, жауынгер ақын Жұбанның бейнесін сомдап, команда құрамының өнерден кенде емес екенін дәлелдеді. Ал эссе бөлімінде  қазіргі уақыттағы өзекті тақырыптардың ішінен «Біз соғысты көрген жоқпыз» тақырыбын таңдап, Ұлы Жеңістің биылғы 75 жылдығына орай ерлігімен есте қалған  жерлестеріміз жайлы ой толғап, қаламдарының қарымын байқатса, «Өнерліге өріс кең» бөлімінде қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ақынның шығармашылығы төңірегінде өз ойларын ортаға салды. Бұл кезеңде топ басшысы полиция аға лейтенанты Лида Болатова әлем таныған Абай тұлғасы жөнінде тұшымды жауап берсе, полиция капитаны Батырхан Абдукалимов жетінші қара сөзінен үзіндіні жатқа оқып берді. Қазылар алқасының қосымша сауалына да  мүдірмегенін баса айту керек. Сайыс соңында ғалымдар, тіл мен әдебиет, педагогика салаларының зиялы қауым өкілдерінен құралған қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша бірнеше команданың арасынан Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлерінен құралған «Жетінші аймақ» командасы жүлделі 1 орынға ие болды. Біз де өз кезегінде команданың туын тік ұстап, отансүйгіштіктің жарқын үлгісі болып жүрген әріптестер  полиция подполковнигі В.Купцовқа, полиция аға лейтенанты Л.Болатоваға, полиция капитаны  Б.Абдукалимовке  алғыс айтып,  егеменді еліміз үшін еткен еңбектері еленіп, тұғырлы тіліміз үшін  қосар үлестері әлі де арта берсін деп тілек білдіреміз. Айта кетейік, осынау тіл құдіретіне арналған облыстық байқау 2017 жылы бастау алған болса, тәртіп сақшылары төрт жыл қатарына үзбей қатысып, бас жүлде мен бірінші орынды ғана иеленіп келеді.

Г.ҚАРАҒОЙШИЕВА,

БҚО Полиция департаменті

 Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің

жетекші маманы

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
104 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
379 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
623 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
656 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
810 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1006 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1242 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1323 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1433 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1438 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1470 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1476 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1581 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1799 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
2111 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
1995 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
2107 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»